Кітап үзіндісі
03/10/2022, 12:17

 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Бүлік неден Адамның жүрегінен от көрініп тұратын болса…

Жақсы адамдікі жұлдыздай жарқырап тұрса…

Жаман адамдікі күңгірт, қарайып тұрса…

Сонда айыру оңай болар еді.

Жақсыға жақындар едің, жаманға жоламас едің.

Өкініш: ондай белгі жоқ. Тану қиын.

Дүние содан бүлікшіл.

Шерхан Мұртаза "Бір кем дүние"

 

Сұр өмірдің ішінде күншуаққа шыққандай боп, анда-санда сезім күніне жылыну да керек емес пе?

Мұхтар Әуезов "Кінәмшіл бойжеткен"

 

Жылдар дегеніміз — киімге түскен қара күйе секілді ғой, адамның да жасын кеміктеп, жанын білдірмей тоздыра бастайтыны рас-ты.

Оралхан Бөкей "Бес тиын"

 

Әр нәресте қашан eci кiргенше,

Жер қадiрiн,

Ел қадiрiн,

Ең бастысы тіл қадірін бiлгенше,

Алғашқы әнтек қылығына

Өзi ұялып күлгенше,

Көтергенше балаң ойдың желкенiн,

Қинаса да қиқар соқпақ, қиыс жол,

Өзiн туған қасиеттi өлкенiң

Ауасымен дем алуға тиiстi ол!

Мұхтар Шаханов "Отырар"

 

— Ал білгенде қайтесің? Осы уақытқа дейін әкесіз өмір сүріп келдің ғой. Анаң сені жетімсіреткен жоқ. Оқытты, шоқытты. Үйің, көлігің бар.

 — Өмір дүниемен өлшенбейді. Әке махаббатын көлікпен өлшеген сен ақымақсың!

Айзат Рақыш "Тегімді менің сұрама"

 

Қазақ деген – Кенесары.

Денесі – бар. Басы – жоқ...

Серік Ақсұңқарұлы "Сегіз жол"

 

30 қазақтың ортасындағы 3 орыс үшін орысша сөйлеймін бе?!

Рақымжан Отарбаев "Темір – Нарком"

 

Қайсыбіреу "қайыр-садақа берсем, мүшелден кедергісіз өтемін" деп есеп жасап, үстірт ойлайды. Егер адамның ішкі жан жүниесі тазармаса, күншілдік, менмендік, ашкөздік, мақтаншақтық, жалқаулық секілді әдеттерден арылуға, құтылуға құлшынбаса, басынан кесек алтын айналдырып садақа берсе де, көкірегі көр күйі қала береді.

Зейнеп Ахметова "Күретамыр"

 

Қылышты өткірлеуге қайрақ қажет болса, ақылды қайрауға білім керек. Кітапты көп оқуымның сыры осы, Джон Сноу.

Джордж Мартин "Тақтар таласы"

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 103 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: