Кітап үзіндісі
06/06/2022, 19:14

 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Сіз жоғалдыңыз. Мен де хабарласпай қойдым. Не көрінді бізге. Бір-бірімізді тәрк еттік. Алда өміріміз көп сияқты барымызды бағаламаймыз. Қалай болса, солай қараймыз. Бақыт бізді қайтсін, бір-біріміздің қадірімізге жеткен жоқпыз. Енді телефон шалмаймыз, ватсабымыз істемейді. Инстаграм мен Фейсбуктен шығып кеткенсіз.

Дидар Амантай "Біреудің өмірі"

 

Өздеріңе зиян келтіретін әдеттерді бойларыңа жұқтырмаңдар! Себебі бір адамға қандай да бір әдет жұқса, адам сол әдеттің құлына айналады. Сендер ешқашан ешкімнің, еш нәрсенің құлы болмаңдар!

Григорий Петров "Мінсіз мұғалім"

 

"Қыз күніңді бағала. Ол дәуренің екі келмейді. Адалдығыңды адал жарыңа ғана қи", – деп үйреткен шешеме, оған үйреткен апасына мың да бір рақмет! Олар маған оны айтпаса, айтқандарын мен орындамасам, Ақтанның бетіне не деп қарар ем?

Бексұлтан Нұржекеұлы "Ерлі-зайыптылар"

 

Перзент сүйдік. Бала – жан емшісі. Нәрестеге қарап, періштені көреміз. Сәби ересек адамға ес береді.

Сосын, күш. Балада қуат көп. Ол кез келген қайғы-қасіретке дауа. Ұрпақ біздің өмірімізді ұзартады. Қайғымызды жазады.

Дидар Амантай "Біреудің өмірі"

 

Біз баланы ғана емес, бала бізді де тәрбиелейді. Сәби өзінің кіршіксіз періште көңілімен сенің жаныңды лай сезімдерден тазартып, жаңартып отырады. Өз бойыңнан өзің тапқан әлдебір жанқиярлық, жауапкершілік, ізгілікке деген сенім – осының бәрі сәбиіңнің арқасында.

Төлен Әбдік "Сәби туралы сыр"

 

Адамдар тек айырылысу үшін ғана жолығарын енді ғана білдім, аға.

Оралхан Бөкей "Бармысың, махаббат?"

 

— Есіңізде ме, сіз былай дегенсіз: "Адам өз басына түскеннің бәріне көнуге де тиіс, оны көтеруге де міндетті. Өйтпесе оның несі адам?!" Осы сөзіңіз өмір бойы жанды жанитын жануыштай боп, көкірегімде қалды. Сіз бұл сөзді біздің бөлмеде, "Қызыл көрпені" шығарған күні айтып едіңіз.

Әзілхан Нұршайықов "Махаббат, қызық мол жылдар"

 

Тіпті, мен, азаматым, қаншама рахатқа кенеліп, алтыннан үй тұрғызғаныңмен, адамда бір мұқтаждық болғаны жөн ғой деп ойлаймын. Мұқтаждық еңбекке итермелейді, еңбек өмірді танытады.

Мұқағали Мақатаев "Қош, махаббат"

 

Адамға жылы сөз, адал пейілден артық ештеңе жоқ ау осы.

Мағзом Сүндетов "Күтем сені, Дидар"

 

Сен бар кінәні менен көресің,

Мен болсам кімнен көремін?!

Рауан Қабидолдин, Айзада Рахымжанова "Біз екеуміз"

 

"Ар", "адамшылық" деген не? Жоқ қой! Кім арды ойлап жүр? Алдамаған, бойламаған кісі күн көре ала ма?

Жүсіпбек Аймауытов "Әңгімелер жинағы"

 

Ия, қателік, қателік атаулының бәрін үлкендер үйретеді. Өзіңіз айтқандайын, қателік арқалап ешкім тумайды.

Оралхан Бөкей "Құлыным менің"

 

Адамдардың да қоқысы бар, бірақ пәтшағарлардың бойында жаны бар. Әйтпесе, әйтпесе сыпыртқымен сыпырып-сыпырып апарып, анау жәшікке тастап, өртеп жіберер едім.

Оралхан Бөкей "Құлыным менің"

 

Солай, тамыр, тек жақсылық тос күнде, Келсін, мейлі жұт егіз.

….Қазақстаннан әулие емес ешкім де.

Күтеміз!

Есенғали

 

Білімнің парадоксі дегеніміз — адам білген сайын оның білмейтіндігінің көбеюі. Егер сіз көп нәрсені білмеймін десеңіз, яғни сіз біраз нәрсені білетіндігіңіз.

Айдын Рахымбаев "Нені оқымау керек?"

 

Ендігі заман күштің, білектің заманы емес, білімнің заманы.

Сәкен Жүнісов "Жапандағы жалғыз үй"

 

Жазатын бала екенсің!

"Боламын!" – деп құлшынған!

Бойындағы барыңды, беремін, деп халқыңа, ақ ниетпен ұмсынған!

Олай болса, жарқыным: халқыңның қамын ойла!

Шындыққа тайсалмастан терең бойла!

Сөйлер сөзің ойлы болсын!

Әрі ол ұлылардың аруағына толы болсын!

Жалықпай тіліңді дамыт!

Сонда болат сенде шабыт!

Әрқашанда ақ болғай!

Ақ болсаң да, әр кез, тіліңе де сақ болғай!

Пенделерге қашанда, кең пейілмен жақ болғай!

Досыңменен тату болғай!

Дұшпаныңа қату болғай!

Сылдыр сөзді қырсыз болма!

Құпиясыз, сырсыз болма!

Жүрген жерің ұлағат болсын!

ЬІндыныңда қанағат болсын!

Ұлыны – ұлы тұт – кемімейсің!

Үлкенді – үлгі тұт – ірілейсің!

Күншілден ештеңе сұрама – қарызға батасың!

Парықсыздан дос құрама – ұятқа батасың!

Кешірімді, кең бол!

Әз жақсымен тең бол!

Халық сынынан қиналмай өт!

Әбілфайыз Ыдырысов "Таңшолпан"

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 159 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: