09/05/2022, 18:38 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Біреуге үстемси қарап, өзін жоғары қойған адамның жолы болмайды. Ертең өсесің, бойжетесің. Осы кезден бастап кез келген адаммен бір деңгейде сөйлесуді үйрен. Бай-кедей, ақылды-ақымақ деп бөлме. Айжұлдыз Адайбекова "SUPJULIE"
Қандай жаста болсаң да, нендей жағдайда жүрсең де әрдайым оқы, үйрен, білім ал. Үйренуге ешқашан кеш емес. Үйрену үшін оңтайлы уақытты, ыңғайлы жағдайды күтпе! Қайрат Жолдыбайұлы "Кемел адам"
Есімде, бір жолы анамнан: – Қазақтар неге қырық санын қастерлейді? – деп сұрадым. Білгім келгенді жауапсыз қалдырмайтын әдетімен ол кісі: – Қырық күн, қырық саны адам жаратылысымен тікелей байланысы болғандықтан қасиеттейді. Бойға бала бітерде ештеңені артық-кем жаратпаған Алла Тағаланың құдыретімен бір тамшы ұрық суы қырық күнде қанға айналады, қаннан қырық күнде етке айналады. Тағы қырық күнде еттен сүйек пайда болады, одан қырық күн өткен соң, ет пен сүйекке жан бітеді және қырық күн өткенде жан алған ет пен сүйек адам пішініне енеді. Содан кейін шақалаққа сезім жүйесінің пайда бодуына қырық күн кетеді.Тағы қырық күнде бала толысады. Сөйтіп, 280 күн – қырық аптада, анығын айтқанда, тоғыз ай, тоғыз-он күнде нәресте өмірге келеді. Баланы қырқынан шығару – жоғарыдағы қырықтардың соңғы жалғасы... Зейнеп Ахметова "Күретамыр"
Ал сонда айлы түндегі серуен, алқынған жүрек, талпынған тілек, көздегі жарқыл, ыстық құшақ, сүйісулер қайда қалды? Гәри Чәпмән "Махаббаттың бес тілі"
Солдат жақындай берді, бірақ бір адам да орнынан қозғалған жоқ. Адамдардың ақтарылған жүздерінен үміт белгісі сезіліп тұрды. Өйткені біздің күткеніміз жалғыз солдат емес, жолға сыймай майданға аттанғаны сияқты, қалың әскердің тобымен қайтып келуі еді. — Пендесіңдер ғой, Толғанай! Соғысқа аттанғандар қашан түгел, жұбын жазбай оралып еді? Адам деген кейде осыны естен шығарып жіберетін тәрізді. — Оның рас, ұлы далам. Бірақ, біз пендеміз ғой: жақсылықтан әр кез күтетін үмітіміз үлкен. Шыңғыс Айтматов "Құс жолы" Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 143 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |