Кітап үзіндісі
03/05/2022, 16:15

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

О, жарық Ай, мүсіркеме сен мені. Мен күнәсіз қыз боламын. Сезімім бүтін, ақылым дұрыс. Бірақ мынау тіршілік дүниесінен безінген жұдырықтай жүрегім кек пен қасіретке толы. Мен өзіме адам сияқтымын, басқаларға адам емес адам пейілін тәубаға түсіретін мүгедекпін. Қарауылдың адамдары мені көрген сайын: "Мұны Алла тағала адамдар тәубасына келсін, қол-аяғының саулығына, он екі мүшесінің дін амандығына шүкір етсін деп жаратқан" – дейді. Солай ма, жарық Ай. Мен саған ғана, сенің өзіңе ғана сенемін. Тым болмағанда үмітімді сен ақтарсың. Сонда, бұл жұрт нені айтады? Мен кіммін, осы? Мәңгілік пе? Шынымен-ақ мәңгілік өспей қалған бала кейіп пе?

Роза Мұқанова "Мәңгілік бала бейне"

 

Шіркін-ай, шіркін-ай десейші! Менен басқаның бәрі де бақытты, бәрі де көңілді. Бұл дүниенің бар бақыты – он екі мүшеңнің саулығында екен ғой. Көпке қиған бақыттың өзіне зар болған қандай сормаңдай едім.

Роза Мұқанова "Мәңгілік бала бейне"

 

Қу тірліктің қуа берме соңынан, Қуамын деп құмға айналған көп ұлан...

Исраил Сапарбай "Бір тамшы көздің жасындай"

 

Түсінбестерге түсіндірем деп босқа арамтер болудың қажеті жоқ. Арың таза болса, басқаның түкірігі бетіңе мың жерден шашырағанымен кір жаға алмайды. Әрине, бетіңе түкірік тигізудің де еш жақсылығы жоқ. Жүрегіңді айнытады ол.

Софы Сматаев "Біз құлмыз ба, кімбіз?"

 

Ізгілікті қанымызға қанша сіңірсек те, ішімізде жан күнәсі жасырынып жата береді.

Исраил Сапарбай "Ойтұмар"

 

Адамның көкірегі қуыс болса, кеудесін құндылық кернеп, алыстан асқақ арманы, биік мақсаты қол бұлғап шақырып тұрмаса, оның сан түрлі қатерлі себептерге қарсылық таныта алар иммунитеті болмайды.

Сейілбек Мырзабай "Балалықтан даналыққа"

 

Депрессия – бос сөз бен мағынасыз жүрістен, мәнсіз өмірден болатын ауру.

Сейілбек Мырзабай "Балалықтан даналыққа"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 195 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: