18/04/2022, 13:46 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Тағы бір күн батты. Кімдерді мұңайтады екен?.. Рақымжан Отарбаев "Шыңғыс ханның көз жасы"
Отағасы-ау, бала-шағаның алдында былық, былапыт сөздерді сапырып сөйлегеніңді қой. Қайдағы құдай атқан сөздерді естіп өскен ұлыңда қандай әдеп болады, Қызыңда қандай қылық болады?! Алма Қыраубаева "Жаным садаға"
Сен мынаны түсін. Қыз жүрегін жаулау – алып бара жатқан қиын мәселе емес. Алайда бұл көп жігіттің қолынан келе бермейтіндігі рас. Еркектердің барлығы дерлік өмірінде бір рет болсын қыз жүрегін жаулаған. Негізі, махаббат қарым-қатынасы ғашықтықтан басталады. Мысалы, екінші адамның сенің санаңа ие болып, дүрліктіруінен, сенің оған деген ұмтылысыңнан, алғашқы кездесулеріңнен, алғаш рет жасқанған күйде еріннен сүйгеннен, әсерлі сөздерден, екеуіңді түгелімен қоршап алған сезім толқынынан. Содан кейін бұл құбылыстар жандана түсері анық. Бір-біріңнен зеріге бастасаңдар немесе күндерің бір сарынмен өте берсе, арадағы құштарлық біртіндеп отқа оранып, күйе бастайды. Соңында барлығы күлге айналып, жоқ болады. Ал сезім болса, көп кешікпей, бейжайлыққа толған бос нәрсеге айналады. Сол кезде қарым-қатынастың тоқтатылуы немесе жасанды затқа ұқсап кетуі бірталай. Қыз да, жігіт те бір-бірінен тыс жерде өздеріне не жетіспейді, соны іздей бастайды. Енді қарым-қатынасты қалыпты күйде сақтап, қызды ұстап қалу оңай ма? Міне, осы нағыз қиын мәселе. Әрине, бұл үшін әрдайым жауап беретін – жігіт. Араларыңды не құтқара алады? Бір-ақ нәрсе. Ол махаббаттарыңа бастапқыда негіз болған жайттар. Жыныстық қатынас та емес, сыйлықтар да емес. Ал мереке кездерінде гүл немесе сыйлық беру – ілтипаттың белгісіне жатпайды. Қызды себепсіз қуанта білсең, одан артық не керек? Сезімге ешқандай себептің керегі жоқ. Қыздар тосыннан жасалған сыйларды ұнатады ғой. Себебі бұлар олардың шаттығын көкке жеткізеді. Бұған күмән жоқ. Өйткені бұл оларға деген ілтипатты білдіреді. Іштей "Мені ойлап, қадірлеп жүр" екен дейді. Оған қам жеме. Қажетті деңгейде үнемі ықылас танытып отыру - қыз бен жігіттің арасындағы қарым-қатынастың берік болуының бір кепілі. Бұл екі жақты үрдіс, бірақ сол үрдісті ер адамның бастағаны жөн. Біз, еркектер, әйелдердің тұла бойындағы ең маңыздыны байқай бермейміз. Оларды сұлу әрі жеңсікқұмар, тартымды әрі қауіпті етіп көреміз. Бәрі де дәл осылай, бірақ егер жан-дүниелеріне тереңірек үңілсек, кішкентай қызға тән нәзіктікті байқаймыз. Сыртқы сұлулық ол жасанды нәрсе секілді. Ал ішкі жан дүниесі – сарқылмас дүние. Оны мен нәресте бейнесіне балаймын. Жыл өткен сайын сол нәрестеде өзгерістер пайда болып, өмір жолында мінез-құлық бірте-бірте қаттырақ бола бастайды. Бірақ мұны олардың жай қорғанысы ғана деп білгейсің. Осыны ұғынсаң, қызды өзіңе қарату қиынға соға қоймас. Қызға сәби ретінде қара. Оған тұрақты түрде ілтипат танытып, қамқор бол. Оны қарапайым нәрселер арқылы жасай аласың. Мысалы, таңертең қоңырау шалып, қайырлы таң тіле, "Көңіл-күйің қалай?", "Тамақтандың ба?" деп сұрап тұр, ауа райы суық кезде "Жылы киініп ал" деп айт, тыңдай біл, еркелете біл, және құшағыңа бас. Басына қиындық туса, сол қиындықтан шығуына көмектес. Арқа сүйер тірегіне айнал. Қамқорлық пен сенімділікті сезінуіне мүмкіндік бер. Махаббаттағы мұндай ұсақ-түйектер барлығын шеше алады. Осыдан барып сенім пайда болады. Ал әйелдер мұндайды ерекше бағалайды. Міне, бүкіл құпия осында жатыр. Көріп тұрғаныңдай, ол қарапайым. Дмитрий Брилов "Ирбис"
Ұрпағым, менің атағымды малданып ат арқасында қашанға дейін жүрер екенсің? Рақымжан Отарбаев "Шыңғыс ханның көз жасы"
– Бірде тоқтың сымдарын жалғап жатқанбыз. Маңайда әкем екеумізден басқа ешкім жоқ. Бір мезгілде әкем мен жаққа бұрылып қарады да, "Өмірде үш сымның басын қосып үйренсең, одан соң үш адамның басын біріктіре алсаң, жаман болмайсың" деді. Сөйтсем, бұл өз кәсібіңді біл, одан кейін қол астыңдағы адамдарды ұйымдастырып үйрен деген сөзі екен ғой. Арман Әлменбет "Берекелі бизнестің сыры"
— Қыз сөзге сараң, көзге ұяң көрінгенімен аңғарғыш та, сынағыш та, намысшыл да келетінін білмейтін бе едіңіз, мұғалім? Мұқан Иманжанов "Ақмоншақ"
Ал имандылық деген не? Ол – тазалық. Өтірік айтпау. Адамды сүю. Алланың бар екеніне сену. Адал еңбек ету. Әр істі Алла көріп тұрады. Сен оны көре алмасаң да, ол сені көріп тұр. Қараңғыда ұрлық жасасаң да, көреді. Алма Қыраубаева "Жаным садаға"
Шын ғашық жандардың тағдырлары әрқашан тайғақ бола ма деймін. Атамыз қазақ: "Азапсыз махаббат — арзан махаббат", — деп бекер айтпаған ғой. Оралхан Бөкей "Бармысың, махаббат?"
Әйтеуір тіршілік дегеннің өзі де бірге — жағып, екіншіге жаққызбайтын бір дерт қой. Жазықсыз болсаң да жала, өсек, орынсыз қиянат деген нәрсе қазақ баласының көңілінен табыла береді. Не қылған таусылмайтын жаулық екенін білмеймін! Мұхтар Әуезов "Кінәмшіл бойжеткен"
"Келін" деген киелі сөз ұғымы – "Өз үйіне келу" шығар, сірә да... Назира Бердалы "Сүйген жүрек"
Әркімнің бір көктемі болушы еді. Сенің де көктемің келген екен ғой, қалқам. Тахауи Ахтанов "Махаббат мұңы"
–Ақыл-сана дамыған сайын жанұя мәселесі екінші кезекке қарай ысырыла бермек. Нұрдәулет Ақыш "Сезім жетегіндегі жігіт" Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 224 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |