Кітап үзіндісі
31/01/2022, 17:03

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

- Аға, кәзит қайдан келеді? — деп сұраймын. - Алматыдан келеді, өкімет шығарады. - Алматы жер түбі, үлкен қала екенін білем. Ал өкімет не? - Өкімет — ол осы жұрттың бәрін билейді. Байларды кәмпеске жасайды. Түсіндің бе? Мен басымды изеймін, еміс-еміс бірдеңелерді түсінетін тәріздімін.

Бердібек СоқпақбаевБалалық шаққа саяхат

 

Ұнжырғаңды түсірмей, уақытында шашыңды алдырып, әрқашан да умаждалмаған таза киім киініп жүр, қуатым. Жұрт сенің ішіңе үңілмейді, сыртыңа қарайды. Жаның жадау, жағаң жамау болса, соған сүйсінетіндер де шығады, Ешкімге таба болмай, тік жүр, жаным, жарайма? Арақ ішпе, керегі жоқ. Өзің де құмар емессің ғой. Өзіміз ішпей үлгі көрсетсек, кейін балаларымыз да ішпес еді деп ойлаймын.

Әзілхан Нұршайықов "Махаббат, қызық мол жылдар"

 

Үйсіздіктің азабын, әй, бір кісідей-ақ тарттым - ау. Бас-аяғы бір ғана жылдың ішінде үш үй алмастырдым. Жақсы, тұруға қолайлы болғандықтан алмастырмайтының белгілі. «Үйі жоқтың, күйі жоқ» дейтін мақал да шығарып алдым. Ал күйсіз пенде қаңғыбас. Әр түрлі солақай, сырап жүрістерге бейім. Қызметтің соңынан бірден үйге қайту сирек. Өйткені автобус, трамвайда адам көп. Оңайлықпен отыра алмайсың. Отырсаң да итің шығып, зорға отырасың. Түймеңнен түйме, жүйкеңнен жүйке қалмайды. Одан да азырақ сергіп, көңіл көтергенді, демалғанды тәуір көресің. Жападан жалғыз көңіл көтерілмейді. Жолдастар тауып аласың.

Бердібек СоқпақбаевӨлгендер қайтып келмейді

 

Мұхтар Мағауин өзініңМендеп аталатын кітабында: “әдебиеттегі ғана емес, әдепкі өмірдегі, адамдар арасындағы реніштің көбі түсініспеуден болады. Немесе кесірлі астамдықтандеген ойды көлденең тартады. Дұрыс айтылған пікір. Түсініспеукісі мен кісіні ылғи араз етеді, сырттай тон пішіп басқаша ойлауға итермелейді, белгілі бір адам туралы кездейсоқ, теріс айтылған жалғыз ауыз сөз ол кісі туралы пікіріңізді 180 градусқа бұрып жібереді, содан әлгі адам туралы ылғи жаман ойда жүресіз.

Сәуле Досжан "Үшінші есіктің құпиясы"

 

Кітаптардағыдай дос болып қалмайсыңдар ма?

Мархабат Байғұт "Сізді сүйген қыз едім"

 

Диплом алғанның бәріпедагог емес. Ұстаз болуға туа жаралу керек.

Орынша Қарабалина "Ұстаз бақыты"

 

Бибісара текті жерден шыққан ғой байғұс, қанша айтқанмен, баяғы Байзақ датқаның тұқымынан емес пе. Қалпеге қойын сойып, қолын қусырып, бұрынғының кәдесін істеп-ақ жатыр. Тектінің аты текті ғой, шаңырағын шайқалтпай түтінін үзбей, келінін кіші баласына қоса қойды.

Шерхан Мұртаза "Мылтықсыз майдан"

 

Сенікі дұрыс шығар. Бірақ адамдардың табиғатынан өзімшіл екендігіне көзім жеткен. Қай адам болмасын өз бақыты үшін бәріне барады. Сен де өз бақытыңды ойлап, Мақпалға рұқсат беріп отырсың. Сен оның бақытсыз халін ойладың ба? Үндемейсің, ә? Ойлаған жоқсың.

Нәсіреддин Сералиев "Махаббат туралы хикая"

 

Балаөмірдің көркі, қызығы. Ол жүрген жерде қасіретке орын жоқ.

Мұқан Иманжанов "Дос қайғысы"

 

Адамның ең үлкен бақытыөзіңді біреудің сүюі болар. Сол адамды сенің де сүюің болар. Егер екі адам бірін-бірі аңсай іздемесе, бірін-бірі өлердей сағынбаса, бір-бірінсіз тұра алмайтының, бір-біріне қажеттігін сезінбесе — толықсып туған Айдың жарығы кеудедегі түнекті түре алар ма? Шыққан Күннің шуағы кеудедегі ызғарды қуа алар ма?

Софы Сматаев "Біз құлмыз ба, кімбіз?"

 

Қарапайым, жұпыны өмір кешсек те, қорқу-үрку дегенді білмейміз. Иә, сендердің таза тұратындарың рас, бірақ саудалары бірде оздырса, бірде тоздырады. "Саудада дос жоқ" деп халық тегін айтпаған. Кейде тіпті бүгін бай болсаң, ертең кедейленіп тақырға отырып қаласың. Ал, біздің шаруа тірлігі баянды: мұжықтың қолы қысқа болғанмен жолы ұзақ, байларша асып-тасып жатпасақ та, қарынымыз тоқ, уайымымыз жоқ, әйтеуір.

Лев Толстой "Адамға қанша жер қажет?"

 

Қалай болғанда да, он екі баланы асырап-сақтаған қаршығадай жездемнің алдында бас иіп, осы он екі бала ер жетіп, төбесін көкке жеткізер күнді аңсайтынмын. Бірақ жездем аңсамайтын. Ол айтар: "Мен оларды асырау үшін дүниеге әкелдім. Ал олардың жарылқауы міндет емес."

Оралхан Бөкей "Ұйқым келмейді"

 

Бүгін қандай жақсылық жасадым. Кімді қуантып, кімді ренжіттім дегендей есеп-қисапсыз болмайды. Адамбыз ғой... Аяқты шалыс басуымыз хақ. Сондайда өткен күннің қателігін түзеу жақсылықты, қуанышты көбейтеді.

Мағзом Сүндетов "Күтем сені, Дидар"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 167 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: