Кітап үзіндісі
24/01/2022, 18:59

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

"Танысаң адайыңмын, танымасаң құдайыңмын" дейтін өр көкірек, тентек, батыр рудан шыққан. Бірақ шөптің бәрі тікенек, адайдың бәрі тентек емес...

Ілияс Есенберлин "Маңғыстау майданы"

 

Ұдайы су аяғы құрдым бола бермейді. Бұлақ басынан лайланса, аяғынан тұнады.

Аян Нысаналин "Отамалы"

 

Ел арасында Тұрымбеттер қалмақтың қонтайшысының қызынан тараған деген аңыз бар. Аңыз бойынша Тұрымбеттің әкесі құралайды көзінен атқан мерген, белдескенін атынан аударатын балуан болған екен. Бір жаугершілікте ерен ерлігімен көзге түсіп, тарту есебінде қолға түскен қалмақ қызын иеленеді. Сол қыздан Тұрымбет туады. Жауына амалсыздан әйел болған қалмақ қызы баласын емізіп отырып: "Ұрпағың менің аталастарымды жойып жіберетіндей көп болмасын" деп қарғайды екен. Артынша өзінің бауыр еті баласы екендігі есіне түсіп, ана көңілі аздап жібісе керек, "отыңды өшірмейтін бір еркек кіндігің қалса болады" дейді. Сол қалмақ аналарының дегені қабыл болғандай, басқа аталардай емес, осы Тұрымбет атаның балалары саны жағынан аз болып келеді.

Итеғұлова Сая "Ана тағдыры"

 

Өкпеңді көтере алатын жанашыр жақыныңа өкпелейсің ғой, жатта нең бар?

Зейнеп Ахметова "Теңбіл тіршілік"

 

Ең соңғы көруім деп қарасаң бар ғой, күллі әлем көзіңе кереметтей көркем, бұрынғыдан мүлдем басқаша боп көрініп кетеді екен.

Немат Келімбетов "Үміт үзгім келмейді"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 182 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: