Кітап үзіндісі
17/01/2022, 10:54

 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Адам өмірі де мынау домбыра шегіндей сырт етіп, үзіліп жүре береді. Тегінде адам деген де — домбыра. Шегі үзілмесе, жырлайды, сайрайды, мұңданады, шаттанады. Ол тіпті солқылдап жылай да білетін көрінеді ғой. Кызығы да, қимастығы да сонысында ма деймін. Үзілді, бітті.

Мағзом Сүндетов "Әкемнің көзі"

 

Үш күндік пәниде тіл табысып, түсінісуге тырысудың орнына... Бұ жұрт жағаласып, жаға жыртысып, жауласып жатады. Не жетпейді бұ жұртқа? Иісі қазақ демесе бұл жақтан жиналған халық түгіл, Алдеке-ау, ауылдағы ағайын да есепке көшкен. Есеппен сыйласады, жақсылығы сатулы,– деп шал қынжыла бас шайқады. – Не боп барады бұ дүние?

Баққожа Мұқай "Өмірзая"

 

Сырттан жау шаппаса бірімен-бірі ұстасып, тістесіп, жағаласып, бас жарысып жататын қазақтың ескі әдеті емес пе. “Қазаққа ақыл кірмейдідеп зарлаушы еді бір жазушы. Біліп айтады екен бейшара.

Баққожа Мұқай "Өмірзая"

 

Жалпы, дау, таласақыл-ойға кенже адамдар ғана қуатын кәсіп. Айдары жаңа шығып келе жатқан бала қоразша сонша даурыққанымпарықсыздығым. Әлі күнге өзімді өзім ұстай білуге үйренбегенім... Әйткенмен, айтыс, тартыссыз өмір сүру де қиын. Мүмкін емес. Бір үндеме. Екі үндеме. Қашанғы шыдай бермексің. Қаның қайнап, тасып бара жатқанда өстіп жеңілдеп алмасаң жүйке тамырларың үзіліп кетуі ықтимал. Жағыңды ашпай, үнемі тістене берсең, тіпті денсаулығың мықты болған күннің өзінде бар тісің шытынап сынып түсуі мүмкін... Бұл да ақымақшылық.

Мұхтар МағауинКөк мұнар

 

Дүниеде үміттің үзілгені жаман.

Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"

 

Ақыл, парасат емес, қара күшке, қиянатқа сүйенген мемлекетте болашақ бар дегенге кім сенеді?!

Баққожа Мұқай "Өмірзая"

 

Жастар! Қыздарды қадірлеп, құрметтеңдер: аялаңдар, ардақтаңдар, абыройын төкпеңдер. Өзің үшін жаралған "алтын балапанды" тауып, мәңгілік махаббатқа жетуге тырысыңдар.

Әзілхан Нұршайықов "Мәңгілік махаббат жыры"

 

...Адам жаны дүниеде бірде қасірет шегіп, бірде рахат тауып, өз-өзінен қатаң есеп алады да, жақсылық пен жамандық осылай алма-кезек болу керек екеніне көзі жетеді; арасында аспанды бұлт торлап, күн күркіреп, найзағай ойнамаса, үздіксіз шақырайып тұрған күн оны құрғатып жіберетінін түсінеді. Өзін-өзі танудың осындай биік күйінде ғана адам Құдайдың әділдігін қапысыз таниды.

Михаил Лермонтов "Біздің заманымыздың қаһарманы"

 

Адам неге болсын көндігеді екен, көндіктім. Көндікпегенде не істейсің

Мұхтар Мағауин "Әйел махаббаты"

 

Ақ костюмге жұққан дақты жуып кетіруге болар, — деді ол өзіне-өзі, — ал арыңа жұққан кірден тазару оңайға түспес.

Қабдеш Жұмаділов "Аққа түскен дақ"

 

Қызбағын, қызым, қызбағын... «Қыздың бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады?» — дейді қазақ. Өмір көрсетер! Кейіннен ажырасам деп, ешкім күйеуге шықпайды, ешкім үйленбейді! Барлық былықшылық кейіннен шығады... Оған төтеннен шыққан төрелер көп болады.

Бауыржан Момышұлы "Куба әсерлері"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшес

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 172 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: