Кітап үзіндісі
04/01/2022, 17:52

 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Адамның терең ойланар үш-ақ кезеңі бар. Сіз оған түсінбепсіз. Олар: а) жалғыздық, қайдан келдім, қайда барамын!? б) қайдан шықтым, кімге өсиет айтамын? в) насихат айту үшін ақылым жете ме, жетпей ме, айтқаныма түсінер ұрпақ бар ма, қай жерімнен қателестім...

Бауыржан Момышұлы "Әңгімелер жинағы"

 

Адамдар арасындағы ең қиын, ең қымбат нәрсебір-бірін түсіну.

Бауыржан Момышұлы "Әңгімелер жинағы"

 

Немістер «ұлымыз» деп фашизмге дейін жетті. Тарихқа қарабет болды, барлық халықтың қарғысына ұшырады. Соғыстан бұрын орыстар өздерінің ұлылығын айтпаушы еді, сондықтан олар ұлы еді, бізге қадірлі аға еді.

Бауыржан Момышұлы "Әңгімелер жинағы"

 

Сіз гений деген сөзге түсінбейсіз. Бәріңіз өздеріңізді гениймін деп түсінесіздер. Сол дұрыс па, ағатай! Бәріміз гений болсақ, қазақ не болады. Соны неге ойламайсыздар? Гений — это приоритет народа, а не отдельных личностей. Аспаннан түскен ешкім жоқ... Осыған сіз түсінбедіңіз, ақсақал!?

Бауыржан Момышұлы "Әңгімелер жинағы"

 

Қызғаншақтықақылдылыққа жатпайды. Қызғаншақтыққызғанушының өзін қызғанып отырған кісіден кем санау. Әйтпесе, қызғанып несі бар. Қызғанудың да орны бар. «Кімнен, кімді қызғанып отырмындеген сұраққа жол бермей қызғануорынсыз қызғану. Олөзіңді, басқаларды да білмеу... Басқалардың қабақ-кірпіктерінің астарына қарай білмеу.

Бауыржан Момышұлы "Әңгімелер жинағы"

 

Екінші надандықтың тобына мұғалімдер жатады. Мұғалімдердің көбі жаттамашылар келеді. Бір жаттағанын өмір бойы қайталап, сабақ береді. Олар өздерін білімді санап, өздерінің мамандығынан басқа еш нәрсеге көңіл бөлмейді. Сол себепті басқа керекті нәрселерді оқымастан артта қалады.

Бауыржан Момышұлы "Әңгімелер жинағы"

 

- Мен сені неге шақырдым? - деді - Білмедім, Бәуке! - Білмесең, жаңа осында маған сәлем бере бір жігіт келді. Аты Рахымжан. Фамилиясы қошқар ма, ісек пе, азбан ба, әйтеуір қойдың бір түрі, оны өзің анықтап алғайсың. Міне сол жігіт... - Міне сол жігіт Рейхстагқа ту тіккен. Понимаешь?! Сен ұғып тұрсың ба, өзің? - деді. - Ұғып тұрмын, Бәуке! - Өтірік айтасың! Ұқсаңдар, неге жазбайсыңдар? Соғыс біткелі он үш жыл. Ана Рахымжанды көрмей жүрген неғылған журналиссіңдер?! Журналистке диплом емес, сезім, жүрек, көргіш көз керек. Жоқ, сол сендерде жоқ! - Знаешь, ты кто такой Рахымжан? Мен де оны бүгін бірінші рет көрдім. Білесің бе, кімнің сәлем бере келгенін? Это исторический человек! Мен де соғысқа қатыстым. Дивизияны басқардым. Москва түбіндегі шайқасты көрдім. Төрт жыл бойғы сұрапыл соғыстың небір сұмдық қияметтері көз алдымда. Бірақ Берлинді алардағы, Рейхстагқа ту тігердегі қырғын ол нағыз жойқын қырғын! Как воин, как командир я представляю что это такое, это было невероятно! Рахымжан сол тозақтың ішінде болған, сол тозақтан аман шыққан! Жеңіс жалауын тіккен. Кім үшін?! Мына сен мен мен үшін! Бүгінгі шолжаң қағып тірі жүргендердің бақыты үшін! Сол бір тозақта оның өзінің тірі қалуы это чудо! Жеңіс деген бақыт сол анау Рахымжан, Рахымжандар!

Кәкімжан Қазыбаев "Найзағайдай жарқылдап"

 

Басыңа қайғы үйірілсе, жылағанда тұрған түк жоқ. Бұлай еткеннен өмірден жеңіліп қалмайсың.

Торғын Жолдасбекқызы "Араша"

 

Әйелдің сұлулығы да суық қару.

Бексұлтан НұржекеұлыЕрлі-зайыптылар

 

Ғалымдардың бағалауынша, ұяңдықадамның екі иығына мініп алып, еңсесін көтертпей, албастыдай басып тұратын ауыр салмақ. Егер оған ерік берсеңіз, күн асқан сайын зілденіп, еңсеңізді езгілеп, тұқырта бермек, келе-келе жігеріңізді жүндей түтіп, ерік-күшіңізді жоқ етіп, өмірдегі алға қойған мақсатыңыздан адастырып жіберуі де әбден мүмкін.

Болат Бодаубай "Май жаңбыры"

 

Мен ғой сотталдым да кеттім. Қылмысым бар болса бар шығар, оны мойындамасқа лаж жоқ. Ал, үйіме ұры түсті екен деп соншама мың сомның дүниесін ол маған неге жапты? Дүниені тапқан үстіне таба түссем деп пе? Ол дүниенің бәрін неғылмақ, не үшін жимақ? Оның айтқандарын екі милиция неге жақтады, неге жалған актіге қол қойды? Осыншама дүниені бір адам он минуттың ішінде алып кете алмайтынын, мұның бәрі басқа бір мақсатпен жасалып отырғанын сот та, куәгерлер де іштей анық біліп отырды ғой. Сөйте тұра олар неге ананы жақтап, мені жақтамады? Неге? Неге? Себебі қайда? Жарайды, мен жазықтымын, ол үшін жазалануым керек. Ал, әлгілер ше? Қасық пен шанышқыға тоқсан мың сомның мүлкін қосып тіркеп, біреудің обалын ойламаған, өзгенің өмірі қиылып, көз-жасы көл боп жатса да шімірікпей аттап өте беретін дүниеқоңыздардың қылмысы қайда қалады? Оларды кім жазғырады? Анау екі милиция, анау соттар... Сонда... бұлар да бір-бірімен жалғасып жатқан шым-шытырық бірдеңе болғаны ма? Олар осы бойы сүттен ақ, судан таза боп бостандықта жүре бермек пе? Олар менен гөрі әлдеқайда қауіпті, әлдеқайда қатерлі ғой! Оларға неге заң жоқ, бар заңның өзі оларға келгенде неге оп-оңай бұрмалана салады? Әлде мен әлі ештеңе білмеймін бе? Оны білу үшін енді қанша жыл өмір сүруім керек? Білгенде не бітірем, біліп қана қойғаннан не түспек? Бәрібір ол осылай жалғаса беретін шығар. Бұл қағида қашанға дейін жалғаспақ? Он жыл? Жүз? Мың? Әлде мәңгі бақи ма? Баршаға бірдей Әділдік сонда ешқашан орнамай өтетін болғаны ма? Расымен солай ма?

Дулат Исабеков "Мәңгілік қағида"

 

Өзгеріс жүйеден басталады. Дұрыс жүйедұрыс адам. Өзіңізге көңіліңіз толмай жатса, өзіңізді сөкпеңіз, жүйеңізді дұрыстауды ойлаңыз.

Данияр Жігітбек "Лайфхактар"

 

Құдай өмірді саған қарызға берген, уақыты жеткенде өзі де алады. Ал оған дейін сол өмір үшін күресу керек.

Ілияс Есенберлин "Алтын құс"

 

Жас кезде өмiр қайнаған базар секiлдi. Дос та көп, жолдас та көп. Достың досы саған да дос болып жүретiн кез.

Төлен Әбдік "Парасат майданы"

 

Қазір ойлап қарасам, адамның басына шын дәулет қонғанда, сатырлай жауған жазғы жауындай емес, адамның өз әрекетінен, өмірге, халыққа істеген игілігінен, біріне-бірі ұласып, өніп-өрбіп, бақыт болып аталып келеді екен ғой. Өстіп тапқан бақыт қымбат емес пе!

Шыңғыс Айтматов "Құс жолы"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 178 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: