13/12/2021, 19:25 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Абай: "Ғалым болмай, немене, балалықты қисаңыз?", - дейді. Ғалым болу үшін дүниенің қызығынан бас тарту керек. Яғни, "балалықты" — дүниеге деген құмарлықты қию керек деген ойды айтып отыр. "Сен дүниені қимасаң да, бәрібір дүние сені қиып жібереді". Біз неге ғалым бола алмай жүрміз? Өйткені ғалым болудың шартын орындамай жүрміз. Біз ғылыммен сол дүниенің қызығы үшін айналысамыз. Абай: «Әуелі ғылым-білім табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемеске керек", - депті. Абай бұл сөзді Құранға сүйеніп айтып отыр: "Дүние тіршілігі еш нәрсе емес. Ойын-сауық қана" (Әнғам сүресі). Бір орысша сөзде: "этот мир — мишура" депті. Мишура — мереке кезінде үйді алдын-ала безендіретін қызылды-жасылды көздің жауын алатын әшекей заттар. Мереке бітісімен оларды сыпырып жинап алады. Мишура — иллюзия. Дүние де сондай. Кімде-кім осы мишура — дүниеге деген қызығушылығын тыя алмаса, өмір бойы бала болып қала береді. Одан қайдан "ғалым" шықсын.
Адам жақсылықты жерден тауып алмайды, адамнан үйренеді. Жайнақтың беріп кеткен тоны жыртылар, тозар, ақырында жоқ болар, мейлі жер жұтсын, сөзге тұрмайтын нәрсе, гәп онда емес, сол бармақтай балдырғанның жүрегінде тосын біреудің істеген жақсылығы өмір бойы сақталып қалса, адам болған соң басқаға жақсылық ету міндет екенін жастайынан сезіп қалса, Жайнақтың сауап істегені сол емес пе?!
Қош, сау бол. Сенің шексіз бақытты болуыңды тілеймін, одан басқа не келеді менің қолымнан. Қош, сау бол, жаным. Ақ тілегіммен тілеймін тағы да, бақытың тасысын. Артық-ауыс кеткендерім болса кешірерсің, бәріміз де пендеміз ғой, әлсіздік жасаған шығармыз...
... Ал, сен анаңа соңғы хатты қашан салып едің? — Вася атайдың қатайған тұлғасы, сұсты өңі Балтаның жүзіне тергеушідей қадалды. Ана — өмір бастауы. Дүниедегі ең ұлы жан — Ана. Ананы ұмыттым дегенше, адамзатқа, Отанға опасыздық жасадым дей бер. Ана көңілдің құлазуын көргенше көлдің шөлге айналғаның, күннің сөнгенін көрген оңай...
Адамдар бәрін шайтанға жаба салады қазір. Күнә жасап қойса, оған тұлғаның өзі емес, шайтан кінәлі деп айтады. Бірнәрсе айтайын, шайтанға по… сендерге. Өзінің проблемасы жетерлік оның. Сондықтан не істеп қойсаң да, ол өз әрекетіңнің жемісі ғана.
Көрген-білгенін айтпаса кәрі кінәлі, ал оның айтқанын ынта қойып тыңдамаса, ақыл-ойдың безбеніне салып, елеп-екшеп, пайдалы дегендерін өз керегіне жарата білмесе жас кінәлі.
Мұғалім пәннің маманы емес, өмірдің маманы, өмірдің тамыршысы болуы керек. Өйткені бала өмір сүруді біздің алдымыздан бастайды емес пе?! Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 160 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |