06/12/2021, 20:14 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Мына жәйттен соң оның үміті үзілді, бойын қорқыныш биледі дейсің бе? Атамаңыз, ол өзгерген жоқ. Еріні жыбыр етіп: – Мақсатыма жетемін! – деді.
Бушидоның заңы бойынша айкидошы күніге төсекке жатқан кезінде әрбір күнім соңғы күн деп есептейді. Таңда кірпігін ашқанда: "Бүгін маған соңғы рет өмір сүріп қалуға тағы да мүмкіндік беріп тұр. Кешке өлемін. Оған дейін өмірдің ең маңызды істерін атқаруға міндеттімін", - деп кіріседі. Одан бөлек сол күні серіктес болған кез келген кісіні соңғы рет көріп тұрмын деп тек қана сүйіспеншілікпен сұхбат құрады. Осы кредоларды жылдар бойы жаттығумен бойына сіңірген Бейсен профессионал өмірге қадам басқанда адамшылық қағидаларын бейсаналы түрде барынша шынайы орындайтын хәлге жетті. Онымен жолдас болған, сырлас болған барлық қазақ Бейсеннің осы қасиетін бірден аңғаратын.
Ал, енді әкесінің Қызыл жебеге мініп отырғандағы келбетін көріп, Тұрардың төбесі көкке жеткендей, аспандағы жұлдызды қолмен ұстап тұрғандай болды. Қызыл тұлпардың үстіне құрыш қонғандай әдемі сурет жас баланың жаны әлдилейді. Рысқұл садақпен атылған Қызыл жебенің құрыш ұшындай болып барған, айтулы палуан Мақаштың тастай тақымы талқандап, көкпарды тартып алғанда, Тұрар бұл өмірдің додалы көкпар екенін, күреспесе, алыспаса адам өз сыбағасынан, бәлкім бақытынан адасып қалатынын бала көңілмен, көмескілеу болса да аңдады. Егер әлгінде Рысқұл көп көрерменнің бірі болып, бұғып тұра берсе, мақтанышқа мастықтан Мақаштың екі көзінің еті өсіп, есіріп кетер еді.
Адамды өлтірудің 100 түрлі әдісі болады. Адам – табиғатынан жауыз. Оның үстіне небір жағдайларды көрген соң, амалсыздан өзің де жауыздыққа барасың. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 148 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |