22/11/2021, 09:09 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Әр халықтың өзіне тән әдет-ғұрпы, дәстүрі бар, қызым. Қазақтың ежелгі әдеті бойынша, ер - түздікі, әйел - үйдікі. Мен өз басым оған келісем. Ескінің бәрін естен шығару – әдепсіздік. Сондықтан, қызым, күйеуіңді сыйлаудан арланба. Оны сыйлағаның өзіңді сыйлағаның. Өйткені біз қасымыздағымен санасатындығымыз үшін де - саналымыз.
Қиындыққа да, қиянатқа да, зорлық-зомбылыққа да, жала мен бәлеге де төзуге болатын секiлдi. Төзуге қиын жалғыз нәрсе – жалғыздық.
─ Әй, әже - ай! Баяғы ескі көңілмен ел жақсысы дей бересің! Елде жақсы қалды ма? Қазір жаманның бағы өрлеп тұрған жоқ па?! Бір жақсының бағы артып бара жатса, бәрі соған жабылады. Су түбіне батырғанша асығады. Үйтпей қайтсін, жақсының қасында жүрсе, жұрт оның жамандығын күнде көрер еді ғой.
Өтірік сөйлесек те, өтірік өмір сүруге болмайды ғой.
Сенеке данышпанның сориті: "Есті адам қанағатты, қанағатты адам тиянақты, тиянақты адам көнтерлі, көнтерлі адам қайғысыз, қайғысыз адам бақытты. Ендеше, есті адам бақытты.
Қанша жерден бір адам бір адамға ұқсамайды дегенмен, жер бетіндегі 7,2 миллиард адам ДНК-сы бір-біріне 99 пайыз сәйкес келеді. Айырмашылық – 1 пайыз ғана. Оны айтасыз, шимпанзеге де күлетін жағдайымыз жоқ. Оның ДНК-сы бізге тек 5 пайыз сәйкес келмейді. Осындайда В.Маяковский жарықтық есіме түсіп кетеді. "Все мы немножко лощади" деп еді-ау!
Адам, егер хайуаншатыс болмаса, түптің түбінде өзін өзі іздеп табады. Өзін өзі іздеп тапқан адамның алдында ажал дегеніңіз дәрменсіз күй кешіп жеңіліске ұшырайды. Ажалды жеңген, қайғы-қасіретті еңсерген адам ғана нағыз Қаһарман!
Е-е, күн жаманы кетеді ғой, адамның жаманы болмаса...
Марқұм Бекзат Саттархановтың анасы: “Серік Қонақбаев олимпиададан күміс медаль алып жатқанда, ұлымды емізіп отырғанмын, “бұйырса Серік алмаған алтынды осы Бекзат балам алады” деп іштей армандаған едім және сол арманды бір сәтке есімнен шығарған емеспін”, — деген болатын. 20 жылдан соң Бекзат мойнына жарқыратып олимпиада алтынын таққанын бәріңіз білесіздер.
Жүргенов өз кабинетінде жиналыс өткізбек болды. Шамамен алғанда отыз шақты кісі жиналды, олардың ішінде орыс ұлтынан мен және қарағандылық Б.Н. Орлов деген композитор болды. Наркомның өзі де, басқа сөйлеушілер де тек қазақ тілінде сөйлеп отыр. Бір кезде Борис Орлов орнынан тұрды да Жүргеновтен қазақша сөйлемеуін өтінді, мұнда не жайында әңгіме болып жатқанын өзі ұқпай отырғанын, сөйлеушілерді ол түсінетіндей болуы үшін орысша сөйлеу жөн екенін айтты. Бір кезде Жүргеновтің қара көздері ұшқындап кетті... Жұрттың бәрі бүкшие түсіп, тым-тырыс бола қалды. "Сіз қайда отырсыз, Орлов жолдас!" Ашу найзағайы үрейлене бүгжиген қайраткерлердің үстінен ойқастай шапшыды. "Сіз қайда жүрсіз, өзіңіз!" – деп Жүргенов дауысын бұрынғыдан да бетер қатайта сөйледі: "Сіз Қазақстанға келдіңіз екен, егерде мұнда жұмыс істегіңіз келсе, сіз республиканың мемлекеттік тілін білуге міндеттісіз!.. Сіз қазақ әндерін де орыс тілінде зерттемекшісіз бе?" — деп өзге ұлттан қазақ тілін құрметтеуді талап етті.
Бір іске кірісерде барлығын сүзгіден өткізіп, оң-солын саралап, сосын Раббыңызбен ақылдасып алыңыз. Ешқашан қателеспейсіз. Əрі ең дұрыс жолды таңдайсыз. Сосын артқа қарамайсыз. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 174 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |