15/11/2021, 16:40 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Адамға рухани бостандық керек. Ертедегі құлдар заманында адамдардың аяқ-қолы кісенделсе, қазір ақыл-ойы кісендеулі...
Өлімді әркім әртүрлі қабылдайды. Біреулерге өлім — ауыр қаза, орны толмас қасірет. Мәулана Жәләлуддин Руми: "піспеген жеміс бұтаққа жабыса түседі", - дейді. Сол секілді санасы жетілмеген (өз болмысын аша алмаған) адамдар піспеген жеміс секілді, тірлікке (бұтаққа) жабыса түседі.
Жалпы, кітапты тек оқып қою жеткіліксіз. Оқығанды орынды қолдана білу керек. Анализ жасау, ойлау мәдениетін қалыптастыру қажет. Мәселен, адам көп оқыған болуы мүмкін. Бірақ оқығаны бойынша сұрақ қойсаң, жөнді жауап ала алмайсың. Себебі ол жүйесіз немесе әр жерден теріп-теріп оқыған. Бұлай оқу пайда емес, зиян әкеледі. Асығыс оқылған ақпарат дәл сондай жылдамдықпен ұмытылады. И.Поварнин жалған оқымыстылықты, жүйесіз түсінікпен оқуды - зиянды оқу түріне жатқызған. Осылай кітап оқыған адамның миында бір-бірімен байланысы жоқ қорытылмаған ақпараттар болады. Сондықтан аз білсеңіз де, сенімді әрі жұмыс істейтін ақпаратпен сусынданғаныңыз жөн. Оқылған нәрсе жүзеге асырылуы тиіс. Әйтпесе, жай ғана ақпаратқа толы адам боласыз...
Ажалың жоқ болса, алпыс айдаһар жабылса да өлмейсің...
Басқаны тебіренту үшін ол жәйтті әуелі өзің бастан кешу керек. Көру бар да, оны түйсіну, әдемі әңгімелеп беру бар!
Сендер жассыңдар! Сендер салқын ақылдың сыбырынан гөрі 1 минуттық көңіл-күйдің ырғағына көп ересіңдер. Бұл опық жеуге апарады.
Отбасылық өмір театр қойылымы емес. Жоспарланған жүйе бойынша жүрмейтінін түсіну керек. Әрі бұған дайын болған жөн. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 240 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |