01/11/2021, 14:12 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
— Ата, мен әлгі сарайға тағы бір шауып барып келейін, – деді. — Неге? – деді таңданған атасы. — Ол сарайда қазына деген үйіліп жатыр. Алтын, күміс, хрусталь – бәрі бар, содан әкелмеймін бе? — Нағыз азаматтар оған пысқырып қарамайды. Алтын үшін басыңды қатерге тікпе, ол – батырлық емес, ашкөздік. Саған керегі не сол алтынның? — Мен оны әкеліп, өзіміздің адамдарға, кедейлерге бөліп берем, – деп Ержанның жеңілгісі келмеді. — Сенің садақаңды жұрт қабылдайды деп ойлайсың ба? Біздің адамдарымыз көлденең олжаға қызықпайды, қымбат нәрсені өз қолдарымен адал тер төгіп, өздері жасап алады. Содан кейін біздің елімізде кедей жоқ. Кісі қолына қарап қайыр сұрап, шағынып жүретіндер – олар керенау жалқаулар, еңбек еткісі келмей жеңіл өмір сүргісі келетін арамтамақтар. Түсіндің бе? — Түсіндім. Ханша да жұмыс істемейді, мен оған үйленбенмін, — деп Ерекең бас тартып шыға келді.
Ішімдік сақауды да сөйлетеді.
Өмір деген ол - тау. Шығып келе жатқанда жоғарыға қарайсың, сен бақыттысың, қалай төбесіне көтерілесің, солай төменге түсе бастайсың, ал алдында - өлім. Көтерілуің баяу, төмендеуің тез.
Бақыт дейтiн шашылып жатқан жоқ, басқан жерiңнен табыла бермейдi. Оны ұғуың керек, табу керек, сонан соң иемдену үшiн күресу керек.
Конфуций айтты деген мынадай цитата бар: «Влечение душ превращается в дружбу, влечение ума превращается в уважение, влечение тел превращается в страсть. И только все вместе может превратиться в любовь.» Қазақшалап көрейін: «Жанның құштарлығы достыққа, ақылдың құштарлығы құрметке, тәннің құштарлығы құмарлыққа айналады. Үшеуі түйіскенде махаббатқа айналады». Ой жүгіртіп көрші. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 170 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |