25/10/2021, 21:48 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Негізгі ақшасы көп адамдар аса жоғары вольтты токтың үстінде отырғандай алмағайып күн кешеді...
Кітапханаға жиі баруды әдетке айналдырыңыз. Кітап оқымасаңыз да олардың арасында отырудың өзі сізге оң әсер етеді. Кішкентай баласын кітап оқуға баулығысы келген бір ғалым оны күнде кітап бөлмесіне қамап кетеді екен. Күндердің бір күнінде әлгі бала кітапқа қызығып, шетінен оқи бастаған. Сол сияқты сіз де кітаптардың арасында көп Кітап оқымай, олардың арасында жай отырудың өзі — нығмет.
Пендеміз ғой, "әркім мені бар болмысыммен қабылдап, қаз-қалпымда жақсы көрсе екен" деп тілейміз. "Адамдар қас-қабағыма қарап, мейіріміне бөлеп, қамқорлығына алса" дейміз тағы. Бұл өзімшілдік емес, бұл - заңдылық. Мұндай қажеттілік әсіресе әйел адамдарда көбірек болады.
Бақыт. Бұл да бiр созбалаң нәрсе. Оған өмiрi тоймайсың, құшағыңа бiрден келiп кептеле қалмайды. Жеткен сайын жүгiре түсесiң, ұмтыла түсесiң. Кейде соның шыңына жетемiн деп құзына құлап жүргенiңдi байқамай да қаласың-ау.
Проблеманы себептен іздемей, негізге үңілсек, бар пәле кісінің қаңыраған қуыс кеудесінен шығатынын көреміз. Оны өркендеп кете алмаған инфантилист (дамымай қалған) болмысы тудырады.
Қанды қолды, бетіне баттасып, кеберси қатып үлгірген қарақошқыл дақты су тазартқан. Бірақ бір былғаныш сезімді көңілінен тазарта алмады. Қанша қасамдап жуса да әлгі бәле беті-қолында әлі жұғып тұрғандай әзірейіл әсерден арылу жоқ. Түптің түбінде ібілістей күнәні су тазарта алмақ емес. Дүниеде оттан таза нәрсе жоқ. Қылмысқа қылқынған пенденің күнәсін от қана тазарта алар. Сират көпірінен құлап, тозақ отында шыжғырылса ғана арамдықтан арылар. Соның өзінде отқа күйген бет пен алақанда мәңгілік қарғыс таңбасындай болып қарақошқыл дақ қалмаса...
Жақсы көріп үйленуде проблема жоқ. Проблема кімді жақсы көруіңде. «Жүрекке әмір жүрмейді» деп жатады ғой. Негізі жүрек терезе сияқты. Жуылмаған терезеден әлемге қарасаң, сен жақсы көрмейтін нәрсені жақсы көріп қалуың мүмкін. Сорақысы, сен ешкімді жақсы көрмеуің де мүмкін. Себебі барлық әлем кір боп көрінеді саған. Шешім: терезеңді жу, яғни, жүрегіңді тазала, дүниетанымыңды өзгерт.
«Мен қазақ едім, халқымның ұлы едім» деп үйде де, түзде де зар еңірегеннің бәрі текті емес. Атақты Шоң айтқандай: «Нар баласы бақырауық болмас». Арлы ер аз сөйлеп, көп тындырар. Тек осындай табанды азаматтардың қатары толыққан сайын халық тектілене түседі. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 194 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |