18/10/2021, 17:08 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Сұмдық-ай, он бес минут дегеніміз сұмдық көп уақыт екен ғой. Бұрын қалай аңғармағам? Минуттардың қадіріне жетпеген адам рәсуа болған сағаттарға өкінеді дейсің бе? Әрбір күндік өмірінің бағасын білмейтін жан бір жылдық уақытының қадірін қайдан түсінсін. Өйткені біз аз уақытқа ынсап қылмаймыз. Қанағат тұтпаймыз. Жылдардың ұсақ-түйек минуттардан құралатынын кейде ұмытып кетеміз.
Дүние дегеніңіз – көнетоз киім: бір патша келіп жыртығын жамап кетеді, бір патша келіп толайым тонап кетеді.
Өмірді аз жасайсың ба, көп жасайсың ба, маңызы онда емес. Оның мəні — сол өмірді қалай өткіздің, сонда...
Ертеректе бір дүниеқор шал өмір сүріпті. Тірнектеп жинаған мол байлығын сарайлар мен сандықтарда сақтайтын көрінеді. Сандық толы алтындары болса да балаларына бақыр тиын бермейді екен. Барлық қоймаларының есіктерін құлыптап, кілттерін тізбектеп мойнына асып жүріпті. Кәріліктің емі болған ба? Ақыры бір күні сын сағаты соғып, соңғы демін алып жатады. Өмір мен өлімнің арасында жатып қатты қиналады. Тамағынан тамшы су өтпей, бір жұтым ауаны әрең тыныстап екі дүниенің есігінде жатып алады. Күндіз-түні кірпік қақпай күзеткен балалары әкелерінің көз алдарында қиналғанына шыдай алмай данагөй қариядан ақыл сұрайды. - Қайтсек болады? Әкеміздің жаны қиналып жатқанына аптадан асты. Бір ақылыңызды айтыңыз, - деп өтінеді. Дана қария тілден қалып, тірі әруақ болып жатқан шалға қарап отырып: Жиналған жұрт ойланып қалады. Ағайын туғанның барлығы жиналған, балалары қасында, туған жердің төсінде жатыр, енді бұған не керек? Әкеміз үшін бұл дүниеде ең қымбат нәрсе не болуы мүмкін? Жауапты шалдың ақылды келіні береді: - Атам қойнына немерелерін емес қоймаларының кілтін алып жатушы еді. Бір қимасы сол болар, кілтін берейік, - дейді. Жиналған жұрт кілттерді алдырып алдына тастағанда қиналып жатқан шал кәрі саусақтарымен шеңгелдей қысып, арғы дүниеге аттанып кете барған екен. Аруалап қоярда тастай қатқан қолдарын ешкім аша алмаған деседі. Айтпағым, ел үміт артқан азаматтар дүниеге қызығып, оны қуып кете берсе іргелі ел болуымыз да неғайбыл-ау. Себебі айуандық тойымсыздық жолына түскен кісілер үшін «ұлт, Отан» деген ұғымдар болмайды. Тек «байлық, дәулет» деген нәрселер ғана өмірлік мақсатына айналады да, сол жолда кімді де болса сатуға барады. Ата-бабамыз: «Дүние деген қолдың кірі. Мал дегенің – сырты түк, iшi боқ» деп дүниеден жеріте айтып кеткен. Бірақ, оны елеп-ескеріп, есіне сақтайтындар тым аз болып отыр.
Ол бәрінен де қорықты. Қорқау аллигаторлардан да, жыландардан да, өрмекші, бүйелерден де, жарқанат пен қарақұрттан да, құмырсқаның илеуінен де, қабылан мен ібілісіннен де қорықты. Бірақ оған осылардың бәрінен де ең қорқыныштысы адам еді. Жаратушы құдіретке мың мәрте табынып, “тек адам баласына кездестіре көрме” деп жалынды. Өйткені ол жер бертінде адамнан өткен қатерлі, мейрімсіз мақұлықтың жоқ екенін жақсы білді.
Менен бір кісі сұрап еді «Өзіңді сүйгенді ме әлде өзің сүйгенді таңдаған дұрыс па?» деп. Мен былай жауап бердім: — Жігіт болсаң, өз сүйгеніңді таңда. Қыз болсаң, өзіңді сүйгенді таңда. Қателеспесем, Ақұштап Бaқтыгереева апамыз осы жайлы былай деп жырлаған еді:
Дойырдың қорғасынды ұшы біресе қабақтан, біресе кеңсіріктен, біресе қарақұстан тиіп жатыр. Тиіп жатыр. Тиген жерін тіліп түсіп жатыр. Жарылған қабағынан аққан жылымшы қан нарбураның қамшы тиген көзіне құйылды. Нарбура азды-көпті ғұмырында зәбір көрсе тек осы екі аяқты пендеден ғана көретін. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 159 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |