27/09/2021, 18:38 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Далада өскен жабайы гүл үстін тас басса да, өлерменденіп, қылтиып, өсіп шығады. О бастағы табиғаты гүл болса да, гүл ашып, айналасына эстетикалық сұлулық сыйлай алмайды. Ата-анасының махаббатына бөленіп өспеген балалар есейгенде сол жабайы гүлге ұқсайды.
"Кел демек бар, кет демек жоқ" дейді қазекем. Ал өмір қазаққа қарағанда қазымырлау: "Келу барда – кету барды" үнемі құлағыңа құйып отырады.
Адам – әлсіз механизм. Осындай бір сәттер болады. Анда-санда жылап тұру керек. Ешқандай себепсіз-ақ. Көз жасы – көңіл бұлтының нөсері. Бұлт жаумай, күн ашылмайды. Иә. Қуанған адам да жылайды. Неге? Көңіл кірінен тазарсын деп. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 210 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |