Кітап үзіндісі
20/09/2021, 17:02

 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Біз әдетте адам үшін ең қымбат нәрсе өмір дегенді көп айтамыз ғой. Сол өмірдің өлшемі уақыт емес пе?

Демек, өмір дегеніміздің өзі ең алдымен белгілі мөлшердегі уақыт қой. Олай болса, адам үшін уақыттан қымбат асыл қазына жоқ. Ғұмырдың қызығына тоймай, тағы да бірнеше сағат, бірнеше күн, бірнеше ай өмір сүруді армандап, ажалмен арпалысып жатқан ауыр науқастарды көрген сәтте мен осындай ойға келдім.

Бірақ біз жайшылықта уақытты онша бағаламаймыз ғой. Осы бір қасиетті нәрсенің қадіріне жете бермейміз. Кейде алтынға бергісіз осы қазынаны босқа ысырап қыламыз.

Ең жаманы — селге кеткен мал-мүліктей боп, босқа шығын болған уақытқа онша өкінбейміз. Қынжылмаймыз. Егер абайсызда бес-он сом ақшаны жоғалтып алсақ, бұған күйіп-пісеміз. Ал, бес-он минут уақытымыз далаға кетсе, түк болмағандай-ақ қаннен- қаперсіз, күліп-ойнап жүреміз.
Немат Келімбетов "Үміт үзгім келмейді"

 

Елді санасыздар басқарса, саналыларға орын жоқ.
Исраил Сапарбай "Ойтұмар"

 

Неге мүмкін болмасын. Бұл жалғанда тек өлген ғана қайта тірілмейді, өзгенің бəрі де мүмкін.
Ілияс Есенберлин "Алтын құс"

 

Бұл жалғанның қитұрқысы сондамынау кінәлі деп ешкім айта алмайсың. Айтқан адам ғана нағыз кінәлі болып шығады. Сондықтан да үндемейміз. Үндемейтін себебімізүйдей пәлеге қаламыз. Ал енді үндемеу жағынан қазақтар алдына жан салмайды. Ішқұса болған жұрт жұдырығын жұрағатына жұмсайды, бірін-бірі бауыздап жатқан ағайынға айдаладан қызыға қарап тұрған озады түбінде... Ең сорлылығымыз солжауды сырттан іздейміз, өз ішімізде жүргенін ескермейміз.
Оралхан Бөкей "Атау-кере"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 161 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: