31/08/2021, 08:49 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Әйел мен еркек қосылғанда бір-біріне дүниедегі ең асыл сөздерді тауып айтса, ажырасқан кезде не бір адам құлағы төзбейтін лас сөздерді түйдек-түйдегімен боратады екен...
– Тірі кезімізде бәріміздің де қадіріміз жоқ. Әлгі "еттің дәмі піскеннен кейін, адам қадірі өлгеннен кейін білінеді", - деген осы, шырағым.
Болашақтың алдын кесуге болмайды, құлыным. "Жас жетпеймін демейді, жарлы байымаймын демейді". Адаспан деген жігітті қараңғы тұман адастырар. Бәрі құданың қолында. Тірі болсаң, бір жерден шығарсың...
Махабатпен орнаған отбасын құлатпай сақтау ең алдымен әйелдің міндеті. Үй болған әйелге ең алдымен үйдің қамын ойлау қажет. Еркектерде кездесетін еренсіздік, атүстілік – әйелге кешірімсіз. Үй ұстаған әйел ол үйді адалдығымен ғана ұстай алады. "Еркек күнәсін далаға тастап кетеді, әйел күнәсін үйге алып келеді", - дейді екен орыс халқы. Әйелден адалдық кеткен соң, адалдық үйден де кетеді. Әйел отбасының ұйтқысы болмаған жерде отбасы ұзақ өмір сүрмейді. Еркектен әйелдің бір артықшылығы сонда. Өткінші бір қателікке бола үйдің іргесін құлатып алмаудан ең алдымен әйел сақтануы керек. "Мен бүйткенде, ол неге өйтпейді?" - деп есептесетіндер – есемді қайырам деп жүріп есесін кетіретіндер. Еркегім адал емес шығар деп, әйелі өзі былғанбас болар. Әйелді биіктететін де, еркекті табындыратын да – адалдығы. Демек, әйел мақтанса, кез келген еркекті есінен тандыратынына емес, адалдығына мақтануы керек.
- Ее, қазіргі заманда мұғалім болып істеу тау қопарғаннан да ауыр боп кетті ғой...
Алдына қозы қарын байлап, қара басын күйттеген парақор, жемқор басшы көрсем, еңіреп жылағым келеді. О дүниеде тозақ күтіп тұрғанын қаперлеріне алар ма екен, шіркіндер...
Қазақ қауымы негізгі планеталардың бәрін жақсы білді. Олар жайында өлең-жыр, сан алуан аңыздар шығарды. Қазақтардың жұлдыздарға қойған аттары да өздерінің малшылық өмірінен алынды. Қазақтар жұлдызды аспан картасын темірқазықтан бастады. Темірқазық - қазақтардың түнде жол жүргенде бағыт беталысын бағдарлайтын астрономиялық компасы. Оның маңындағы екі жұлдыз "ақ боз ат", "көк боз ат" деп аталды. "Жеті қарақшы" (жетіген жеті қарт) қазақтың мал күзеткен күзетшілерінің астрономиялық сағаты еді. Күздің ұзақ таңында күзетшілер жеті қарақшыға қарап алмасты. Қыста кешкі шолпан (сары жұлдыз) туған кезде қойды қораға әкелді. Меркурийді қазақтар "Таң шолпаны" деп, кейде "кіші шолпан" деп атады. Юпитерді "Есек қырған", Марсті "Қызыл жұлдыз", Близнецті "Қос жұлдыз", Сириусты "Сүмбіле" деп атады. Бұлардың жай-күйін, орнын, қозғалысын жақсы білді. Үркер жұлдызының қазақтар үшін әрі астрономиялық әрі метеорологиялық мәні болды. Жыл мен күнтізбе осы үркер жұлдызына қарап зерттелді. Қазақтар үркердің аууынан күн райы өзгереді деп білді. Әр айдағы үркер мен айдың тоғауында, әр айдың өларасыңда ауа райы өзгеріп, жауын-шашын болады: егер бұл екеуі ашық өтсе, жалпы алғанда, ол айда жауын-шашын аз болады. Жазғытұрым үркер іргеге жақындаса, көктем шығуының белгісі, "үркер жерге түспей жер қызбайды" десті.
...айдың қараңғысы мен жарығы қандай аралас болса, өмірдің қайғысы мен қуанышының да сондай аралас екенін ұқтым. Қисық ағаштың көлеңкесі де қисық. Әр қисық сөздің иесі де қисық ойлы жан.
Адам баласы өмір бойы ақылды болғысы келіп, ақыл тапқысы келіп, ал өзі өмір бойы сол ақылдан азап шегіп өтетінін түсінбейді. Санадан туатын азапты санап тауысу мүмкін емес...
Ұнның өзін елеп, керегін қалдырып, кебегін тастаған секілді не нәрсені болсын өз ойыңның елегінен өткізіп барып, ең жоғары сортты ұн секілді пайдаланбасаң, оның дәмі де мәні де болмайды.
Адам өмірінің шуағы мен шаттығы қатар жүретін ең берекелі маусымы жайнаған көктем мезгіліндей "жастық" шақ. Өйткені жастық шақ - ізденіс пен талпыныстардың, тың денсаулық пен күш қуаттың, еңбекқорлык пен ұмтылыстың маусымы. Адамзат өмірінің осы бір маңызды шағында көрген-білгені, ойға түйгені оның қалған өмірінің қандай арнамен ағатынына тікелей байланысты. Қазақтың бас ақыны хакім Абай: "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" деп кейінгі жас ұрпаққа жастық шақтың қадірін жете түсінуді өсиет етіп қалдырған. Ал біз жастар, жастық шағымызды - қалай өткізіп жатырмыз? Жүріп келе жатқан ЖОЛЫМЫЗ бен бағдарымыз қаншалықты дұрыс? Хақ жолды таңдау үшін не істемек керек?
Көне Қытайдың халқы бір-бірімен амандасқанда "Чылым-ю?" дейтін болған, онысы - "Тамақ іштің бе?" дегені. Сірә, ашаршылық жанына батқан бұқара халық "Қарын тоқ болса, амандық сол" деп ұғынса керек. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 184 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |