16/08/2021, 14:54 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Әрқайсыңыз, ұждандарыңызды төреші етіп, айналысып жүрген істеріңізге көз тастап, тағы да ой елегінен өткізіңіздерші. Әркім осы кезге дейін кімдерді тәрбиелеп, кімдерді түзеткенін, кімдердің білімін арттырғанын ойласыншы.
– Алло, мырза! Дүниежүзі бойынша ең жемқор елу елдің тізімі жасалып жатыр. Сіздің ел көш басында. Не істейсіз? – Бағасын айтсаңызшы... – Оныншы орын – жүз миллион АҚШ доллары! Жиырмасыншы орын – екі жүз миллион деп жалғаса береді. – Ал, біржола алып тастауға болмай ма? – Оған шашыңыз жетпейді ғой! – Онда... Онда елуінші орын болсын!
Әлі есімде, анам адамы қайтыс болған үйге баруға жиналып жатты. Үстіне түсі қоңырқайлау көйлек киді, басындағы гүлі әдемі ашық бояулы орамалын шешіп, көйлегіне сай қарапайым орамал салды. Құлағындағы сырғасын, қолындағы қос жүзігін сыпырып алып былай қойды. Сол кезде мен: - Сырға, жүзіктеріңізді неге шештіңіз? - деп сұрадым. - Сырға, жүзік дегендер - сәндік бұйымдар. Мен тойға бара жатқам жоқ, азалы үйге көңіл айтуға, жұбату-басу айтуға барамын. Қаралы жандардың алдына қонаққа келгендей қолы-басымды жылтыратып барғаным әбестік болады. Жақынынан айырылып жаны күйзеліп, жүрегі жаралы боп отырған адамдарға өзіңнің төңірегің түгел, айналаң аман екенін көрсеткендей ауыр әсер етуі мүмкін. Азалы, қаралы адамдардың көңілін сыйлап сыпайы болған жөн, - деді. Бала болсам да анамның сол айтқан сөздері маған ерекше әсер етсе керек, күні бүгінге дейін ұмытпай, анам істегенді мен де істеп келемін.
Бостандық - біреуге зияның тигенге дейін бостандық, ал одан кейін қиянат.
Қазақ тіліндегі "қымбаттым", "қадірлім", "қол жетпесім" және т.б әйел адамға қатысты айтылатын эпитеттерді алайық. Қазір бұл сөздердің біздің қолданысымызда тек сыртқы қауызы қалған да, ішкі дәні жойылған. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 180 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |