09/08/2021, 08:42 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Абай айтқан: «Естiген нəрсенi ұмытпастыққа төрт түрлi себеп бар: Ой кеселдерi: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкiшiлдiк, я бiр қайғыға салыну, я бiр нəрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нəрсе – күллi ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нəрселер», – деген талаптардың бəрінің үдесінен шыққысы кеп жүрген Азамат.
Сұлулар өтсе жанымнан, сүзіліп тұрып қараймын.
Дүниеде еркектің жынын қоздыратын әйелдің тік қарағаны-ақ қой.
Еркек дегендердің көзге көрінбейтін екі, көзге көрінетін үш қасиеті болады... Көзге көрінетін үш қасиеті: бетіндегі айбаты, қолындағы қайраты, қалтасындағы дәулеті. Көзге көрінбейтін қасиеттерінен қателессеңдер оқасы жоқ, бірақ көрініп тұратын қасиеттерінен қате жібермеңдер. Әйел пақырдың бағы жанбайын десе, сөйтіп қара басады.
– Жаны мұңға жақын адам өмірден мән табу үшін не істеуі керек? – деп сұрадым.
Қайран, балалық-ай десеңші! Алыста қалған арайлы, адал таңдарым менің. Онда мен кіп-кішкентай сәби едім. Айнала таулар да, үйлерде де, қойтастар да, жылқылар да бәрі-бәрі үлкен болатын. Адамдардың бәрі "айналайыннан" басқа сөзі жоқ, кілең мейірімді жандар болып көрінетін...
Адам шын жақсы көрген адамының көп кемшіліктерін, мінезінің кілтипандарын аңғармайды ғой.
Махаббат жолында "әзәзіл" де жолығады. Күдікпен қызғаныш та кезігеді - бəрі болады. Бірақ сондай сәттерде жігіт жігіттігін жасау керек, әйтпесе оның несі жігіт?!
Мың қыздан мың әйел шыққанымен, мың қыздан он-ақ қатын шығады.
Таудың кереметін тау көрмегендер қайдан біледі? Тау дегенді тегістіктен гөрі биік жер деп қана ойлайтын шығар? Ал тау биіктік қана ма? Жартасы мен шыңы, қалың қарағайы мен тұтасқан бұтасы, бұлағы мен бастауы, сайы мен жырасы, шөбі мен гүлі, аңы мен құсы, құдай-ау, қыруар тіршілік-тынысы – бәрі басқа жерде болмайтын, басқа жерден табылмайтын таңғажайып қой! Бірақ сол әдемілікті әркім көре де бермейді, көруге келе де бермейді. Өйткені таудың көрінген шыға алмайтын құз-қиясы, кез келген түсіне бермейтін қыр-сыры толып жатыр. Төбедегінің көргенін төмендегі көрмейді.
Батқан күннің ерте кеткеніне ашуланбайтын себебіміз - оның ертең қайта шығатынын білгендіктен. Қатты нөсерден қорықпайтын себебіміз - оның көп ұзамай басылатынын білгендіктен. Кемпірқосақтың ғайып болғанына мұңаймайтын себебіміз - оны кейін тағы көретінімізді білгендіктен. Біздің тез ашуланып, бірден үрейленіп, оңай мұңаюымыздың себебі - білмегендіктен: жаңа мүмкіндіктің келетінін, барлық қиындықтың өткінші екенін, бәрі жақсылықпен аяқталмаса, демек әлі соңы емес екенін.
Біз көбіне өзімізге «адвокат», өзгеге «прокурормыз», яғни кінәратты өзгеден, мемлекеттен, дұрыс оқытпаған мұғалімнен, көмектеспеген достан, туыстан іздейміз. Байқасаңыз өзіне «адвокат» болған адам көбіне «неге?» сұрағын қояды. Ал бұл сұраққа ми қалай жауап береді?
Өнімді жинап алмасаң - шіриді. Істі кейінге қалдыра берсең, ол көбейе береді.
Үйренем деген кісі есігінің алдындағы иттің қылығынан да бірдемелер үйренеді, үйрену үшін ештеңеден жиренбейді.
Оң жақтағы кезде жүз жігіттің арманы болса да, қызға бір азаматтың адал жан жары болу – парыз...
...Алайда ер мен әйелдің арасында қашанда сақталуы керек негізгі нәрсе бар. Ол сыйластық. Сыйластық та сезім. Оның алабұртып басылған сезімдерді қайта ояту қабілеті бар. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 258 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |