Кітап үзіндісі
02/08/2021, 10:33

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

Әкеңнің өзіме деген махаббатын сақтау үшін, мен ол оқыған кітаптарды да оқуға тырыстым: ой биігінде ілесе алмай қалмау үшін үнемі ізденісте болдым.

Менің де саған айтарым сол, қызым. Махаббатты сақтау үшін үнемі өсіп, рухани жоғарылап отыр. Тәніңді тәрбиелемесең, жаныңды тазаламасаң, ақылыңды көбейтпесең, махаббат та тоқтау судай тобарсиды. Ол үшін қарапайым еңбек керек.
Бексұлтан Нұржекеев "Ерлі-зайыптылар"

 

"Сенің патшалардан айырмашылығың не?" - деген сұраққа данышпан Сократ: "Олар өздерінің бойындағы құмарлықтың құлдары, ал мен сол сезімдердің патшасымын", - деп жауап берген екен.
Төлен Әбдік "Парасат майданы"

 

Уақыт, көп болса, сенің бетіңді әжімдеген шығар, ал жүрекке әжім түспейді, — дедім.
Шерхан Мұртаза "Жүрекке әжім түспейді

 

Біз мүлде әсер етпейтін нәрселерге уақытымызды жұмсауға құмармыз: жаңа заң шықса, қолданысқа жарамайды ғой деп сын айтамыз, әліпби өзгерсе, басымызды ауыртып әліпби ойлап табамыз. Сен әсер ете алмайтын нәрсеге бекер күш жұмсап, әуре болудың қажеті жоқ, өйткені нәтижесін бәрібір өзгерте алмайсың.
Қуаныш Шонбай ”Екінші болма”

 

Танысқанымызға бір-екі ай өткен шамада Сәулеге өз ойымды ашық білдірдім:
Тағдырымыз бір, тәрбиеміз ортақ. Сен пәленсің, мен түгенмін дейтін емес... Бұл күнде қадірі қашып, тозығы жеткен «сүйемін! дейтін бір жаттанды сөз бар. Мен соны қайталағым келмейді. Ал сені ұнатып қалғаным анық. Егер лайық көрсең, мен өз үйімнің отын саған жаққызсам деген ойым бар! — дедім.
Қыз үнсіз тыңдап тұр.

Мені бүгінгі күнмен емес, болашақпен өлше. Бүгінгі жалаңаяқ студент ертең үлкен жазушы болады. Өмір жетсе, классик болуы да ғажап емес... Қалай болған күнде де, бір әйелді бақытты етуге шамам келеді. Осыған сен де, етегімнен ұста! — дедім.
Сәуле қарсы емес. Бірақ көңілінде күдік бар екен.
Қабдеш Жұмаділов "Таңғажайып дүние"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 193 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: