Кітап үзіндісі
26/07/2021, 12:54

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

Кім де кім өзгеге ажал азабының шербетін қанша ішкізсе, өзі де сол удан соншалық ішеді.
Ілияс Есенберлин "Алмас қылыш"

 

Материалдық кедейліктен рухани өгейлік әлдеқайда қасіретті һәм қауіпті..
Исраил Сапарбай "Бір тамшы көздің жасындай"

 

Азаматым, – деген сонда ол, – Тiрлiк атты айдын екi нүктенiң арасы ғана. Туу мен өлу заңдылығын жоққа шығару пешенемiзге жазылмаған. Ендеше, тағдыр сол екi нүктенiң арасындағы көзге көрiнбес жiпке түзiлген, оның ұзындығы мен қысқалығын белгiлеу жаратқанның қолында. Десек те, саған байланысты тұстары да жетерлiк. Дүниеге неғұрлым анық көзбен қарасаң, солғұрлым ақиқатқа жүгiнесiң. Ал, ақиқат барда алдамшылыққа орын бұйырмаған. Осыны есiңнен шығарма
Төкен Әлжантегі "Балдан тәтті ғұмыр"

 

Құлыным, қозым, кішкентайым! — дейді апам, мені кеудесіне қыса беріп, «Кішкентайы» еңкейіп, иіліп, әрең құшағына сыйып тұрғанында жұмысы да жоқ. Ана үшін бала — қашан да бала. Қашан да ана өзін үлкен санайды. Кірпіш жеген ақ алақан менің басымды қозыны сипағандай сипайды.
Ғабит Мүсірепов "Қазақ солдаты"

 

Шіркін, ұлы адамдар, данышпандар, дарындар жасаған ой әлемдері, ақын-жазушылар суреттеген табиғат, өмір көріністері қандай ғажап, керемет, сұлу десеңізші! Оқыған сайын адамның ой-өрісі кеңіп, жан-дүниесі байып, көңіл көкжиегі қанат жайып, қиялы алысқа, биікке самғап, өзін еркін сезініп, жүрегін қуаныш кернеп, жаны жадырап, тынысы ашылып, рухани кемелдене түседі. Осы білімге деген құштарлықөмірге құштарлық секілді адам бойына біткен туа-бітті асыл қасиет секілді. Тән азығына тойған секілді жан азығына тойған кезіңде бойыңды ерекше қуаныш, рахат сезім билейді. Өмірде соны да түсінбейтін, жан-дүниесі кедей, тоғышар адамдар көп-ау!
Нұртас Исабаев "Өмірге құштарлық"

 

Жетім деп қандай отбасыны айтуға болады? Егер сол шаңырақта көршіге, туған-туысқа, қоғамға деген жақсылық болмаса, қайырымды іске жетім отбасы деп айтуға тура келеді. Жесір отбасыда әйелдің күйеуіне құрметі болмайды. Күйеуі қайтыс болған секілді қарым-қатынастан не қайыр? Күйеуінің де әйеліне сыйластық сезімі болмаса, жесір отбасының нақ өзі болады. Мүгедек отбасы деп ата-анаға, үлкендерге ізет-құрметі жоқ отбасыны айтуға болады. Ата-анаға қызмет ету – парыз. Ал кім парызды мойындамай, жоққа шығарса, мүгедек болмағанда басқа кім болады?! Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесі не жайлы?

Жасанов Медет "Баспалдақ"Жетім деп қандай отбасыны айтуға болады? Егер сол шаңырақта көршіге, туған-туысқа, қоғамға деген жақсылық болмаса, қайырымды іске жетім отбасы деп айтуға тура келеді. Жесір отбасыда әйелдің күйеуіне құрметі болмайды. Күйеуі қайтыс болған секілді қарым-қатынастан не қайыр? Күйеуінің де әйеліне сыйластық сезімі болмаса, жесір отбасының нақ өзі болады. Мүгедек отбасы деп ата-анаға, үлкендерге ізет-құрметі жоқ отбасыны айтуға болады. Ата-анаға қызмет ету – парыз. Ал кім парызды мойындамай, жоққа шығарса, мүгедек болмағанда басқа кім болады?! Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесі не жайлы?
Жасанов Медет "Баспалдақ"

Шіркін, дүние қайдан баянды болсын. Дүниені билеген мінезде баян болмаған соң, байыздап тұра ма! Ант ішейін, тегі, осы жеріңіздің, осы тұрған тауларына, айтайық, мынау Семейтау, Көкендеріне аяқ бітсе, олар да бір орында тұрмай, жүріп кетер еді-ау, ә! – деді.
Мұхтар Әуезов "Абай жолы"

 

Тасбақа жұмыртқасының жөргегі ып-ыстық құм ғой. Обалы нешік, құм-жөргек жетім жұмыртқаларға ана орнына ана болады-ақ. Жетім дейтінімізтеңіз тасбақасы жұмыртқаларын құмға салып болысымен-ақ көз жасын қол қылып, суға қарай сүйретіледі. Оған сусыз өмір сүру жұмыртқалап болғанша ғана берілген. Жұмыртқалап болдың екен, тезірек теңізге жет, әйтпесе өлесің.
Шерхан Мұртаза "Жүз жылдық жара"

 

Ұят - адамның басты байлығы. Ал адамның бәріне бай болу бұйырмаған.
Қажығұмар Шабданұлы "Қылмыс"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 187 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: