Кітап үзіндісі
26/07/2021, 12:52

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Кіші немереміз Мадияр: «Әже, әже!» - деп мойнымнан құшақтап, бетімнен сүйіп жатыр.
-Бұл үйде мені Мадияр ғана осылай жақсы көреді, - дедім жүрегім елжіреп.
-Әжесі-ау, ол әлі кішкентай ғой, - дегені атасы маған қарап.

Зейнеп Ахметова "Әзіліңді сағындық"

 

Оқыңдар, қарақтарым, оқыңдар, — деді ағай біраздан кейін. — Қазақтың оқуда кеткен еншісі көп! Атаң үшін де оқы, әкең үшін де оқы, өзің үшін де оқы!
Сол екпінмен «шешең үшін де оқыдеп айтар ма екен деп дәмеленіп ем, ағай оны айтқан жоқ. Онысы әйелдерден оқуды қызғану емес, ауыз байғұстың айтып әдеттенбегендігінен еді.
Ғабит Мүсірепов "Қазақ солдаты"

 

Жаңа мекенді қашан да жерсінбейтін хайуандар секілді адам баласы жаңа заманнан гөрі баяғы заманды аңсап отыратын әдеті ғой. Бірақ ол өзінің баяғы жастық шағынжақсы шағын ғана сағынып отырғанын сезбейді. Ертең тағы да бүгінгі осы күнді ойлап, қайран заман деп отыратын ұрпақ келеді. Одан кейін тағы солай, тағы солай болып кете береді. Әркім өз бойының қуанышынан ия қайғысынан қоғамның қуанышқайғысын іздейді. Өстіп өмір, уақыт жайында мың түрлі ойпікір пайда болады.
Төлен Әбдік "Өліара"

 

Еркектің таңын атырып, күнін шығаратын, күндізін көрікті, түнін тәтті ететін, жақында жүрсе жанына қанат беріп, алыста жүрсе аңсататын, жұлдызын оңнан туғызып, еңбегін жемісті ететін сүйген жар екен ғой, шіркін!
Әзілхан Нұршайықов - Махаббат, қызық мол жылдар

 

Біздің жастарға шаһарстандар ұнайтыны рас. Әсем қаланың тамаша көрінісін бұзатын, тынысын тарылтатынмына біздің күнәміз. Ең азы көшені көк түкірікке толтырамыз, қоқыспен ластаймыз. Күнәнің сан түрі осы үлкен қаланың кез келген жерінен көрініп жатады. Шұрық тесік жолдың жөнделуін, инфрақұрылымның дамуын талап етуіміз дұрыс емес. Бәрібір біз адам секілді оның бәрін дұрыс қолдана алмаймыз, білмейміз. Ең алдымен, біз өзімізді жөнге келтіріп, артық әрекетімізді дұрыстауымыз қажет. Жол жүру ережесіне бағынбаймыз, қоқысты тиiстi орнына тастамаймыз. Сол себепті қаланың Стамбул болуынан пайда жоқ. Біздің алдап-арбайтын, билеп-төстейтін, жігітті қорлап, қызды зорлап, ойнастық жасайтын күнәміз қаланы молаға айналдырғаны қашан.
Жасанов Медет "Баспалдақ"

 

Менің Димекеңе өте риза болғаным, сол кездердің өзінде əңгімелерінің арқауы елдің, халықтың хал-жағдайы болды. Сөз арасында елдегі қызмет бабымен жолығып жүрген көптеген жігіттердің аты-жөнін ұмытпай, оларды сұрастырып отырды. Сонда отырып байқағаным жеке кітапханасы өте бай көрінді. Үлкен де биік бөлменің еденінен төбесіне дейін жеткен шкафтарда иінтірестіріп қойған сөрелер толы кітаптар бар екен.
Серік Əбдірайымұлы "Елу жыл ел ағасы" кітабы Əділ Сасбұқаевтың естелігінен

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 221 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: