Кітап үзіндісі
12/07/2021, 16:41

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Қалай туып, қалай өлетінің маңызды емес, қалай өмір сүргенің маңызды. Келесі шынайы өмірің осыған байланысты болғандықтан.
Шархан Қазығұл "Оңашадағы онлайн ойлар"

 

— Қасқа адамның ақылы көп бола ма, сақалы ұзын адамның ақылы көп бола ма?
Адамның ақылы шашына жау болатындай-ақ біразымыз:
— Ақылы көп адам қасқа болады, оған таласпа! — дейміз.
— Жоқ... Анау сақалы беліне түсіп отырған Толстой деген кісі... Олай болса, сақалды адамның ақылы көп болады! — деп қарсы жағымыз бой бермейді.

Ғабит Мүсірепов "Қазақ солдаты"

 

Ендеше, жаратқан адамды жаратқанда не түрлi сынақты ойлап қойған. Одан сүрiнбей шыққандар ғана адам деген атқа лайық. Мойыдың ба – пендесiң. Ал, пенделiктi еншiлегендер перiште көңiлдi перiге жығып беруге әуес. Олардың дiттегенi – тiршiлiктi жын-ойнаққа айналдыру. Әлiң жетсе дәл осыған қалқан бол. Сонда жұмақ пен тозақ арасы алшақтап, ақ пен қараның ортасына сына қағылады.
Төкен Әлжантегі "Балдан тәтті ғұмыр"

 

Сұм дүниенің ортасында отырсаң, оның сұмдығын да білуің керек. Айналаңа шимай шытырман зұлымдық торы құрылып жатса, оны білмесең, сен кімсің?
Ғабит Мүсірепов "Қазақ солдаты"

 

Он сегіз мың ғаламның тереңіне қанша сүңгісең де, маңдайың тірелетін бір ғана құпия бар, ол – қу дүниенің баянсыздығынан басқа түк те емес... Басқа түк те емес... Бақ та, дәулет те өткінші... Өлім ғана хақ...
Төлен Әбдік "Өліара"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 153 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: