05/07/2021, 17:12 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
– Алмағайыптың арашашысы өзiңсiң. Бiр жаратқанның барына сен, содан кейiн өзiңе ғана жүгiн. Шеттен көмек күтсең кешiгесiң, ол уақытында жетпесе өшiгесiң, сөйтiп өндiршектiктiң есiгiн ашып аласың. Бар пәле содан, – деп және бiр қайырып қойды.
Жаңа жұртыңа игілік, ізгілік апар. Күйеуің көтерілсе, демеуіш бол, шайқалса сүйеніш бол, тайғанаса таяныш бол. Кісі ғұмыры қысқа, бірақ абыройлы атақ мәңгілік. Ең жанашыр досың – ақыл-парасатың, ең зұлым дұшпан – тежеуіш ашуың. Төңірегінде сенетін дос көп болар, бірақ ең берігі – өзіңнің ақ, адал жүрегің. Дүниеде аялайтын асыл көп болар, бірақ ең қымбаты – өзіңнің өмірің. Адал жүрсең, әрнеден жолың ашық болар. Ақылмен шешсең, ғұмырың ұзара түсер. Қиындықтан қашпа, жаза баспа!
Димекең алдағыны болжай білетін еді. Осы дарындылығының арқасында күні бүгінге дейін Қазақстанның тыныштығы бұзылған жоқ. Өйткені Қазақстани- қашанда көп ұлтты мемлекет. Қазақ жерін мекендеп отырған барлық ұлт өкілдерін алаламай басқаруға да ақыл-парасат керектігін бізге көрсетіп кетті. Біз бұл салада Димекеңнің дұрыс соқпақ салып кеткенін ұмытпайық. Халықтың ауыз бірлігін бірінші орынға қойған басшылардың елі əманда берекелі болатынын бір сəт естен шығармайық.
Шүбә деген жамансың-ау, жүрекке келіп бір сіңсең, терең түбіне жатып алып адамның ойын оңға бастырмауға тырысасың. Сырласамын, сүйемін, сөйтіп тұрып білмеймін деймін шүбәға еріп... Шынында да, білмейтін шығармын.
Төлеген мен Қыз Жібектің – Құман мен Меруерттің шаңырағында қонақтықта отырмыз. Сөз кезегін Бақытжанға бергенде, қасында отырған Шерхан аға – Шерхан Мұртаза:
Жақсы бастық - жарты бақыт қой, шіркін! Өйткені, ойлы бастық ұқыпты қызметкерді адам етеді. Ойсыз бастық оқып келген маманды надан етеді.
«Әке балаға сыншы». Ұлт әкесінің «өздеріңді ел болар дей алмаймын...» дегені жеті түнде ұйқыны бұзар үрей ұялатады. «Бізді емес анау заманның адамдарын айтты» дейін десең де, әкенің «қалған көңіл – шыққан жанын» ұмытар, ұлылық ұйыған уақыт көші керегесін керген кербез дала көзіңізге түсті ме?.. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 170 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |