Кітап үзіндісі
28/06/2021, 15:22

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Моцарттың тұсындағы бір композитор әуелі: "Мен ғанамын !" деп жүріпті. Бертін келе "Мен және Моцарт" дейтін болыпты. Тағы бірер жылдан соң "Моцарт және Мен" депті. Ақыр соңында "Тек қана Моцарт!" дейтін болыпты.
 Исраил Сапарбай "Бір тамшы көздің жасындай"

 

Біз бәріміз де аңсаған армандарымызды жүзеге асыруға жүрексінеміз, себебі біз оларға лайықсызбыз немесе бәрібір орындай алмаймыз деп пайымдаймыз.
Пауло Коэльо "Алхимик"

 

Рухани мықтылық ғылым-білімнен, Алланы танумен келеді. "Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбен көрген біздің хайуан малдан неміз артық?" деп Абай атамыздың қара сөзінде де айтылған. Демек, қандай да бір пайым шығару үшін көзбен көрген жеткіліксіз. Өсекке келгенде керең болып, ойға келгенде терең болуды бойға сіңіргеніміз абзал.
Мәрзия Бекайдар "Қисық қабырға"

 

Оқи білемісің? — деді.
Білмеймін, — дедім ұялған үнмен. Шеген оныма өкінетіндей, басын шайқады:
Оның болмайды, Костя! Оқу керек! Адамның басы қарбыз емес, — деді.
Ғабит Мүсірепов "Қазақ солдаты"

 

«Адамға таудай талаптан, бармақтай бақ артық» деп қазақ білмей айтпаған,- деді. − Егер бағың жанбаса, таудай талабыңнан да ештеңе шықпайды. Ал бақ деген бір жынды құс, кімнің басына болса да қона салады... Сенің басыңа да қонуы ғажап емес. Ал қона қалса, сенің міндетін - басыңа қонған бақты үркітіп алма, ұстай біл. Мен секілді болма, қуанышыңды да, істеймін деген ісіңді де жасыра ал...
Илияс Есенберлин "Махаббат мейрамы"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 202 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: