07/06/2021, 19:36 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Адамдарда бір жаман әдет бар ғой. Ол - күншілдік, көре алмаушылық. Бүгінгіге жағыну үшін бұрынғыны жамандап шыға келушілік. Өзімді ғана мақта, өзгенің аты өшсін деушілік. Өлгеннің абыройын қызғанушылық. Оған деген сүйіспеншілікті суытып, оның атағына байланыстының бəрін аяққа таптауға тырысушылық.
Әр жүректе асыл адамгершілік, айнымас махаббат болсын.
Парақорлық – кітап айтатын күнәнің үлкені... Парақорлық бұрынғы Кеңгірбай сияқты атақты бидің де сүйегіне басылған таңба еді. Өшпес міні, кешпес сұмдығы сол болатын. Ол, әсіресе қысылған жандардан, жазықсыз жұрттан түсетін жем. Көпшілікке айтқызсаң, Барлас, Шөжелерге айтқызсаң - ол ең бір кешірілмейтін күнә. Абырой, атақ әперіп отырған «Құдай үйінің» өзі де көптен-көп осындай малдан салынбады ма екен!..
Фонограммамен ән айтатын әншілерге сахнаға гүл алып шығып, оны иіскетіп, бірақ бермей қайтып әкету керек, - дейтін Бәкең.⠀⠀
– Жiгiт адамға жiгерлiлiк қана жарасқан. Мә, мына қолғапты ки де, бiраз төмпеште, қарымыңды байқайық. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 201 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |