01/06/2021, 16:59 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Біреудің наласына қалу деген нені білдіреді? Бұл дегеніміз - артынан жамандау, ол туралы өсек-аяң тарату, сынап-мінеу, кемшілігін, қателігін бетіне баса беру, жұрт көзінше мазаққа айналдыру, сырын жалпыға мәлім ету, сөзбен шағу, аяғынан шалып қалуға тырысу, басып-жаншу, достың кейпіне ене отырып, жамандық тілеу, ор қазу. Егер де сіздің де осылардың біріне қатысыңыз болса, кілт тоқтаңыз! Алланың қаhарына ұшырамаңыз! Өзіңізді бақытсыздыққа душар етпеңіз. Жаратқанның мейірімі шексіз. Бақытты да бай-қуатты атану мәртебесі сізге бұйыруы әбден мүмкін. Ақымақ қылықтармен өзіңізді құзға итермеңіз. Дәл қазір "адалдықтан айнымаймын, аузымды былғамаймын" деп уәде етіңіз! Ертең жолыңыз ашылып кетсе, таңғалмаңыз оған...
Уақыт өтіп барады, тындырған түгі жоқ. Мәселен, кеше түстен бүгінгі түске дейінгі бір тәулік ішінде не бітірдің? Жарайды, уақа емес, емтиханнан соң шаршаған шығарсың. Ал сонда бос кеткен күнің осы ғана ма? Мұндай күннің талайы кетіп жатқан жоқ па... Қор боп, жылап кетіп жатқан жоқ па... Өстіп кете бермек пе? Сонда отызға келгенде, қырыққа келгенде кім боласың? Елуге не бетіңмен жетесің? Елуге жете қойсаң жақсы, үлесіңе берілген өмір өлшеулі, одан әлдеқайда аз болса қайтпексің? Тағдырдың пешенеңе жазған еншісі қарашы жұрттан өзгеше болса, өзгеше екеніне сенімді болсаң неге еңбек етпейсің, неге жан қинап терлемейсің? Бар ойы — қарын қамынан аспаған қаса наданнан не айырмаң бар?
— Бірақ сен оқуың керек! Оны біліп қой! — деді Шеген.
Жамандық пен жақсылық адамдардың қанына емес, жанына ұя салған ғой. Неғұрлым байыған, тұрмысы түзелген сайын тəубесін ұмытқыш келеді. Екі аяғым бар болса, мен де үйіме қондырмас па едім, қайтер едім, а, Маша?!
- Адам неге азып барады? Рухани тұрғыдағы азғындыққа жоламай-ақ қой, өзгесін айтшы...Неге біз аурушаң, әлжуаз боп кеттік? Неге ауру–сырқау, жұқпалы дерт, індет жайлағыш? Неге кемтар нәрестелер көбейді?
Демек, махаббаттың да биігі бар, төмені бар, тек, өтірігі жоқ. Өтірік өмір сүруге де болмайды, біреуді өтірік сүюге де болмайды. Тіпті, біреуді арам мақсатпен айналдырып тұрсаң да сезімің кәдімгі шын сезім болады. Ал енді әр адамның басында махаббаттың бір рет пе, екі рет пе, қанша рет болатынын кесіп айту қиын. Оның біреу екенін айтып атақтылар мен даңқтылар құлаққа әбден сіңіріп кеткен, сондықтан ол қағидаға қарсы шығу кімге де болса абырой әпермейді. Ол қылығың «мен біреудің бірден-бір махаббатымын» деп сеніп, сол сезімнің рақатын көріп жүрген әйел қауымына да оспадар көрінеді. Егер бұл жайында міндетті түрде бір пікір айту керек болып жатса, тіке айта салмай, әуелі өз махаббатыңның бүкіл тарихын айтып біткен соң барып бірдеме деген дұрыс. Содан оңдысы жоқ.
"Егер жас кезінде сүйген қызың, өзінің сұлулығын сақтай білсе, оған деген махаббатың қояншық ауру секілді, көрген сайын бүкіл жан сезіміңді билеп әкетеді" деген сөзді оқығаным бар бір кітапта. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 205 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |