Кітап үзіндісі
11/05/2021, 16:07

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Құдай жаратқан тіршілікте шешімі жоқ ештеңе болмайды деп ойлайтын бұрын. Асқанға — тосқан, қылмысқа — жаза, сабырға — мұрат, еңбекке — зейнет, таршылыққа — баршылық, әйтеуір, бар азаптың ақыры қайыр — кез келген жазмыштың соңында жауабы болмақ. Түннен кейін күннің шығатыны секілді, жаңбыр мен бораннан кейін күннің қалай да ашылатыны секілді, алла тағала адамның да тіршілігін алмағайып етіп жаратқан ғой. Сондықтан жақсылық та, жамандық та зая кетуге тиісті емес. Тек бәріне сабыр керек. Шығырдың тегерішіндей әр нәрсе ертең–ақ, алла бұйыртса, өзінің орын–орнына түседі.
Төлен Әбдік "Өліара"

 

Өмір — талас, кім күшті — сол жеңеді деген міне осы! Адам баласының таласы бетпақ дүниеде алма-кезек түсіп осылай өтіп жатады. Еш уақытта да бітпейді, бітуге тиіс емес.
Ілияс Есенберлин "Алтын Орда"

 

Қаттаулы тұр жазып сызып болғаным,
Тілге тиек бір елуге толғаным.
Екінші елу сыя қоймас ақылға,
Ерте қамдау керек шығар жол қамын..
Қадір Мырза Әли «Мәңгі майдан»

 

Біздің кей жігіттеріміздің арқаға артатын жүкті алдыға салатын әдеті бар. Иілгіштігі де, именшектігі де содан.
Исраил Сапарбай "Бір тамшы көздің жасындай"

 

Көңілің кір болса, көзіңнің мөлдірегенін қайтейін.
Орынша Қарабалина "Ұстаз бақыты"

 

Мына өмірде әр дүниенің басы мен аяғы бар екендігі туралы ойланып па едіңіз? Бұл ақиқатты бәріміз білетін секілдіміз, бірақ оны бойлай зерттеп, түсінуге тырыспағандықтан, ол жүрекке жетпей жатады.

Иә, бұл өмірде бәрі өткінші. Бәрі қас-қағым. 365 күн, 24 сағат бойы тек қана жарқырап тұрған күнді, керемет ауа-райын, ашық көк аспанды ғана көрмейміз ғой. Арасында жел тұрады, дауыл соғады, жаңбыр жауады, сосын кемпірқосақ көрінеді, қайтадан аппақ қар жауады. Табиғаттың төрт мезгілі ауысады. Біздің өміріміз де тура сондай. Тек қана жарқыраған күнді көргісі келген адам тамшылап жауған жаңбырдан рахат алмайды. Күшті соққан желге қарсы тұруға тырыспайды. Ол бар қуатын күнді аңсауға ғана жұмсайды. Ал олай болуы мүмкін емес. Сосын сол адам, «Менің жолым болмады» деп, тастүйін болады. Шын мәнінде, жел де, дауыл да, жаңбыр да - бәрі өткінші. Қарым-қатынаста да дәл сондай. 24/7 махаббатқа мас болып, сүйіп-күйіп өмір сүргілері келеді. Бұл мүмкін емес. Кез-келген жағдайда ақыл-ойға жүгінуге тырысыңыз. Өміріміздегі кез-келген жағдай - болуы мүмкін нәрселердің ішіндегі қайырлысы.
Мәрзия Бекайдар "Қисық қабырға"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 175 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: