19/04/2021, 12:13 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Өлмейтін іс қалдырғыңыз келсе, әуелі ниетіңізді жөндеңіз.
Түр мен түс әйелге ғана керек дегеніміз - бекер сөз. Еркекке түр-түс керегі жоқ болса, неге Несібелі Жырғалаңнан қашады?
Ұйқы қайда кетер дейсің... Өмір деген бір зулап өте шығар от арба емес пе, дер кезінде одан орын ала алмасаң, айдалада қаңғып қаласың... Мүмкіндік барында еңбек ету жөн...
Пікірі, ойы бар адамдар үндемеуге үйренді. Неге? Олар қорқынышқа жеңіліп болған. Кешегі шындықтың бүгін өзіне сын боларын, сол үшін күйіп кету мүмкін екенін ақылы бар адамдар түсінеді де, бекер шаршамау үшін ештеңені көрмеуге, естімеуге тырысады. Сөйтіп олар өзін жеңу арқылы уақытты жеңеді. Өзін өзі жеңе алмаған талай пенде уақыттың жағасына жармасып, оның бір сілкігеніне жарамай жалпасынан құлап жатады.
Жарықтық Абай жазғандай, "махаббатсыз дүние бос". Алайда махабаттың оңғақ, келтесі бар, тұрақты, мəңгілігі бар. Көкірегіне сондай қасиетті сезім ұялаған жандарды бағалауымыз керек. Өйткені сүю, күю - екінің бірінің қолынан келмейді. Ал бойына сүйе білу қабілеті дарыған адам өзінің азды көпті ғұмырында жалғыз-ақ рет сүйеді, беріле, дүниені ұмыта, жан-тəнімен сүйеді. Алда-жалда өзімізге біреу дəл солай іңкəр бола қалса, оны бірден бетке қақпауымыз керек. Махаббат - тау көліндей құпия сырлы, жұмбақ сезім. Мүмкін, жанымыздың терең түкпірінде сол адамға деген, əлі өзіміз де байыбына барып, ұғынып жетпеген, болашақта үлкен сүйіспеншілікке айналуға тиіс əлдебір, то есть... нелердің дəні жатқан шығар...
Ауылға оқта-текте бара қалсақ "туған жердің келбеті- ай, ауасын -ай" деп тамсанып, күні кеше ғана зәрезеп болып, екі қолыңды төбеңе қойып безіп кеткен ауылды жаңа көргендей өп-өтірік таңырқап, тамсанып қарайтын жасанды әдетіміз бар ғой...
Мен бұлай кездесеміз деп те, бұлай сөйлесеміз деп те ойламаған едім. Аңырып бетіне қарасам керек. Қыз шыдай алмады. Бірақ қыздың бүкіл көңіл күйі маған көшкен еді.
Ақылы жоқ адам қанша жақсы сөз естісе де жамандығын жасай береді, ақылды адaм жаман сөзден басқаны естімесе де жақсылығынан жазбайды. Соған қарағанда, бар гәп адамның өзінде, яғни негізінде. Ал адамның негізі, менің өз шешемнің айтуынша, анасының сүтінен, әкесінің қанынан, ата-бабасының рухынан, ішкен суы мен жеген асынан, жұтқан ауасы мен басқан топырағынан, естіген әні мен тыңдаған күйінен қыл аяғы есіктің алдындағы иті мен үйдің төбесіне қoнған торғайдың үнінен де үлес алып құралатын көрінеді. Сен қазір негізі әлдеқашан қаланған адамсың, қызым. Ендігі сенің серігің - сенім. жaқсылыққа, адалдыққа сенім. Тіршіліктe жақсылықтың, адалдықтың болатынына сенбейтін адам өзі кәйтiп адал болады, кәйтіп өзгеге жақсылық жасайды? Жоқты бар қыламын деп пе? ЖOҚ, олай істеу - өте қиын. Бәлкім, мүмкін де емес. Сoндықтан, қызым, әуелі адал, шынайы махаббаттың бар екеніне сен.
Жалпы ұятты былай қойғанда еркектерде ми да, қанағат та жоқ.
БОЛАШАҚ БИ КЕШ СӨЙЛЕПТІ Қаракесек Келдібектің бәйбішесі, «Ақсақ» атанған Тоқмейіл ана алты бала тапқан екен. Оларды «Ақсақтың алтауы» дейді. Ең үлкені – Қаз дауысты Қазыбек би.
Қаншалық үлкен қызметте жүрсе де əлденеге ренжігенде немесе əлдекімге кейігенде ырқынан тыс боқтап жіберетін адамдарды көп кездестірдім. Боқтап жібергенді қарапайымдылық деп санайтындардың талайын білем. Қаhарлы, қатал басшы болам деп боқтайтындар да бар. Бірақ қандай жағдайда да Қонаевтың былапыт сөйлегенін естіген емеспін. Жас кезінде жұмысшылардың нағыз ортасында болды, солармен бірге қиналды. Боқтампаз боп саналатын солардың ортасында "бұзылмай" шыққаны қайран қалдырды.
Бәлкім, біздің өзіміз де бұл дүниеде жоқпыз. Алдамшы сағым, елеспіз. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 181 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |