15/03/2021, 06:15 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Кімнің азған заманның адамы болғысы келеді? Қан уыстап туған Шыңғыс Ханның кекшілдігі әдірам қалсын. Азу тісіміз ақсиғанда адам баласына тән көп қасиеттерді жерлеп тынғанымызды сезінуден қалдық. «Битке өкпелеп тоныңды отқа тастама» дейтін қазақ даналығы бәрін меңзеп-ақ тұр. Бит екеш битке де өкпелеген дархан қазақ болған-ау шамасы жер бетінде. Не деген асыл сезімдер деші. Бірін бірі иттің етінен жек көретін, өкпелей алмайтын қоғамда өмір сүргеніңді сезінудің өзі зор қасірет екен. Құлың болайын, маған өкпелеңізші!..
Қолыңызда бармен бөлісуге тырысыңыз. Бөліскен сайын байи түсесіз.
Жасыратыны жоқ, біздегі барлық биіктік бір адамның оймен өлшенеді. Егер жазатайым ол жақсыны жаман деп қалса – жаман, жаманды жақсы деп қалса жақсы болады. Бітті, өзгермейтін аксиома. Біздің сорымыз – сол!
Кейде, қызым, аналық өзімшілдік қараулықтың да шегі болмайды. Ондайлар баламның қамын ойладым деп, және сол ойына имандай сеніп жүріп, өз қамын ойлайды, өз дегенін істетеді.
Әйелдің көкейіне бірнәрсе түспесін, түссе болды, жетер жеріне жеткізбей тынбасы белгілі.
Білесің бе, жақсы адамдардың басым көпшілігі тіршілікте бақытты бола бермейді. Бір ғажабы - олар мұны бақытсыздық деп ешқашан есептемейді. Өйткені олар өзіне тиісті бақыттың басқаларға үлескенін біледі және мынау маған тиесілі еді деп айтпайды. Жақсы адам болудың қиындығы да сонда.
Әрбір істің бір себебі бар, ал кедейленудің себебі - ысырапкершілік, ысырапқорлық дүниемен ғана шектелмейді. Ас-ауқатты пайдалануда, адамның мінез-құлқы, сөзінде де болады. Ысырапқорлық өзіңді алдап, деміңді тарылтып, ақылыңды аздыртады.
Орыста «дистанция» деген сөз бар, ол — екі нәрсенің арасындағы алшақтық, яғни, тұтасып кетпеушілік. Осы дистанция махаббат мәселесінде де керек сияқты, еркек пен әйел ғана емес, дос пен дос, әке мен бала... сияқты жақын адамдар да бір-біріне жапсырылып қалмай, араларында алшақтық ұстауға қажет сияқты, әйтпесе, адам өзінің «мендігін» жоғалтып алатын сияқты. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 224 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |