09/03/2021, 00:28 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Жалпы, бала кезде адам "мен де өлуім мүмкін-ау" деп, ойламайды ғой. Өлетіндер ылғида басқалар секілденіп тұрады.
"Артық білім кітапта" (Абай). Өзгелерден озық болудың, өмірді жеңілдетудің, білімді арттыра түсудің жалғыз жолы - кітап оқу, оқығанды өмірде қолдану.
Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды.
Сыншы Бұрын сыншылар тұлғаның туындысын сынға тартқан. Қазіргі «сыншылар» тұлғаның туындыларын емес, оның төңірегінде туған өсек-аяңды ғана сын садағына алатын болды...
«Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмайды» дейді қазақ. Біреудің ақылымен өмір жасай ма адам?.. Не істеуді өмірдің өзі көрсетпей ме?
Ұзақ жолда шаршасаң сүйеніш етер таяғың болайын. Аптап ыстықта шөлдесең бойыңа әл құяр бір жұтым кәусарың болайын. Табаныңа тас батырмас көк шөп болайын, басыңнан күн өткізбес ұшпа бұлт болайын. Әйтеуір сенің бір қажетіңе жарасам, сенің бір қажетіңе жарап барып өлсем арманым жоқ.
Байлыққа қызыға бермеңіз. Ол есірткі сияқты. Иіріміне тарта береді. Өміріңіз байлыққа байланса, дүниеқоңызға айналасыз. Нашақордың өмірі - тозақ, дүниеқоңыздың да өмірі - қараң.
Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын, сұлу ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі. Қазақ халқының болашағы бүгінгі қазақ әйелінің құрсағында шешіледі, бағзыдан келе жатқан айнымас шындық. Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған, әлемдегі ең ізгі әйел. Солай болған, солай бола беруге тиіс. Болмас қисыны жоқ, неге десеңіз, бұл әйелдің бойында сиқырлы, құтты, өзгеше қасиет бар, оның аты – Сұлулық: жан сұлулығы, тән сұлулығы… Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 221 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |