Кітап үзіндісі
22/02/2021, 11:33

 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

Бір нәрсе ғана ақиқат: өзің ақымақ әрі қорқақ болсаң жауыз болуың да оп-оңай, тек бастаушың болсын.
Сайын Мұратбеков "Жабайы алма"

 

Осыдан дәл бір ғасыр бұрын «Айқап» журналында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ өкпесі» деген мақаласы жарияланған еді. Бұл жерде ол мақаланың мазмұнына емес, тақырыбына шұқшиып отырмыз. Мақаланың көтерген жүгі әркімге мағлұм болар. Тақырыпты айтыңызшы, «Қазақ өкпесі» деп, жауына да өзімсініп өкпелейтін қазақтың ақын жанды, аңқаулығы мінеледі. Өнер білім қумайтындығы, жалқаулығы сыналады. Өкпелейтін өкпесі бар қазақ барда өмір сүрген Ахаңдар бақытты екен. Біз өкпелей алмайтын ұрпақпыз. Жанарымыздан кек ұшқыны шашырап, жер-дүниені жалмайтындай көңіл-күймен өмір сүруге дағдыланғамыз...
Ырысбек Дәбей "Жылқы атылған жаз"

 

Неге соншалық тыныштық? Неге соншалық жаймашуақ ерке өмір? Неге көп ұйықтап, аз жұмыс істейтін болып барамыз? Неге... Неге?
Оралхан Бөкей "Өз отыңды өшірме"

 

Мықты болғыңыз келсе, өзіңізді мықтылармен қоршаңыз. Аз уақытта солардың қатарына қосыласыз.
Данияр Жігітбек "26 жылда қалыптасқан 26 қағида"

 

Өтіріктен тілін тия алмаған адам арамдықтан ындынын тия алмас.
Шәкәрім Құдайбердіұлы "Шығармалары"

 

Қартaбиғаттың адамға берген ұлы сыйлықтaрының бірі. Қарға қyаныңдар, балалар. Оны yыстаңдар, иіскеңдeр, бір-біріңе шашу шашып, қуана күліп қызықтаңдaр! Бұлкейін қaртайғанда қолдарың жетпей қалатын қызық, жаcтыққа ғана арналған табиғат ләззaты. Аппақ қаpдай ақ махаббат болсын! Аппақ қаpдай адалдық болсын! Аппақ қаpдай таза пейіл, пиғыл, мейір бoлсын!
Әзілхан Нұршайықов "Мәңгілік махаббат жыpы"

 

Білгенің жөн. Дүниеде айыпсыз адам болмайды. Алайда, өзің шапағатты, әрі сақы пейілді бол. Мұндай адамдардың айыбы аз болады. Сыйлай білмейтін, қадіріңе жетпейтін жандармен достаспа. Ондайлардың қасиеті болмайды.
Кайқаус "Қабуснама"

 

Өмір деген осы шығар. Шаршау, аңсау, ойлау, уайымдау, күту, шыдамсыздану, жету, жете алмау...
Әкім Ысқақ "Жүректегі жазулар"

 

Үнемдеуді үйренуіміз керек. "Теңге тиыннан құралады", "Тамшыдан тама-тама дария болар" дейді ғой. Әр нәрсеге үнеммен қарай білсек, байи түсеміз, қолда барды көбейтеміз, қауіпсіз болашағымыздың, қаржылық тәуелсіздігіміздің негізін қалаймыз.
Данияр Жігітбек "26 жылда қалыптасқан 26 қағида"

 

Ой бостандығы

Еркін ойлауой-сана тәуелсіздігін сақтауға байланысты.

Еркіндік «кепілге» берілсе, өмір бойы «Ипотекалық» төлемді төлеу керек болады.

Мансапқорлыққа құл болған ой еркіндігінен айрылады.

Ой-сана тәуелсіз болмаса, өзінің емес, өзгенің қалауы бойынша жыр жырланады.
Мәлік Отарбаев "Ойқазан"

 

Адам болған соң артына тым болмағанда зәредей игілікті іс қалдырмау қандай аянышты өлім еді. Баяғының «күнім өтіп барады» деп зар еңіреп жылайтын заржақ шалдарыосының бәрі-бәрін ой таразысынан өткізіп, арғы дүние мен бергі дүниені сабақтастыра, күннен бұрын бағамдаған-ау; тіпті, олардың өмірін қызыға, қызғана еске түсіруге болар.
Оралхан Бөкей "Өз отыңды өшірме"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 250 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: