08/02/2021, 10:40 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Адам жалғыз кезінде неше түрлі ән қозғап қиялға түспей ме? Өзінің өткен өміріне ой жіберіп, бір кезде сүйгенін, сүйсінгенін есіне алады. Ақталмаған арманы, көз алдынан өтеді. Кейде адам баласы қол жетпеген қуаныш, ұстатпай кеткен бақытына күрсіне, күйіне, телміре ой тастағанымен, соның болғанының өзіне іштей қуанады. Пенде деген қызық қой, неге өйтетініне өзі де түсінбейді. Шамасы адам мұның бәрін ойға алғанда, өзінің кім екенін түсінгісі келетін болу керек.
Иә, адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады екен. Тіршіліктің оны-мұны шаруа қамымен күйбеңдеп, басың қатып жүргенде, бір күні сарқылып бітіп қалғанын білмей де, байқамай да қалады екенсің!
Осы жақсы адамдар неге ауырады екен? Сүлеймен ауырады, Зиба әпкем ауырады. Иса мұғалім ауырады. Жуанқұл мен Тасбет ауырмайды. Оларға ауру жоламайды. Бұзық адамдардан кесел де қорқа ме екен?
Бірақ мен өмірге мән беретін, сән беретін біздің өзіміздің жеке бақытымыз екенін, бізге сырттан ешқандай сәуле келмейтінін, тіршілікке, маңайға сәуле төгіп, жылу шашатын адамдардың өздері екенін кейінірек түсіндім. Өзімнің ішкі жан-дүнием әдемі сәулелер шығара бастап еді, мені қоршаған бүкіл қауым, орта, тіршілік құлпырып сала берді.
Менің мамам мендей емес, ақылды адам. Дүниеден түңіліп кеткен жерімнен мені қайта тірілтіп алған да сол. «Әкең екеуіміз «жұмыс — жұмыс» деп жүгіріп жүріп, сенен көз жазып қалған екенбіз ғой, балам» деді. «Өміріңнің басында бір сүрінген екенсің, өмір болған соң әлі де сүрінетін жерлерің болар. Бірақ әйтеуір өзіңді жоғалтпа. Адамшылығыңнан айрылма. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 179 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |