01/02/2021, 09:42 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Теңіз терең емес, адамның жаны терең. Су түбінде жатқан зат жел толқытса ғана шықпақ. Ой түбінде жатқан сыр шер толқытса да шықпақ емес. Шықса, шер мен сырдың көлеңкесі, сәулесі ғана шықпақ. Дүниеде адамнан қиын жұмбақ жоқ. Адам – шешуі жоқ жұмбақ. Шешуі деп атауға болатын болса, адамның шешуі жалғыз өлім.
«Тәңір асыраған тоқтысын бөрі жемейді», «Көппен көрген ұлы той», «Жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді», «Иттің иесі болса, түлкінің тәңірісі бар...» деп сақалы беліне түспек түгілі аяғына оратылып, баяғыда-ақ алжып кеткен қайдағы бір қыртымбай мәтелмен өзімізді алдарқатып, бәрін бір Құдайға тапсырып қойғанбыз. Өзіміз ештеңе істегіміз келмейді. Неге біз осынша бейғам, бойкүйезбіз? Қашан мәңгілік ұйқымыздан оянамыз, қашан?!!
Жарық дүниеде адамға не қиыншылық кездеспесін, ол кімнен қиянат көрмесін, бірақ шындық мәңгі өмір сүреді. Адам туады, өледі, бірақ мәңгі-бақи өлмейтін шындық бар, ақиқат бар...
Әйел махаббаты - гүл, үнемі бабында ұстап, күтім жасамасаң солады. Әйел махаббаты - құс, үнемі жем шашып, мәпелеп тұрмасаң, өзге бұтаққа ұшып кетеді. Мұны, шіркін, Алшынбектер біле ме екен?
Бұл жалған дүние өмір-өлім, жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, ақ-қара, бар-жоқ деген сияқты қарсы мәнді егіздерден тұрады. Олар бір-бірін ауыстырады, бірі болмаса, екіншісі болмақ емес. Сондықтан, опасыз дүниенің барына да, жоғына да, ойына да, қырына да, шуағына да, көлеңкесіне де даяр болу қажет.
Бақыт дегеніңіз – басқа адамның бақытын сезіну, бақытты болуына үлес қосу екен ғой, аға...
Ұрсысуды айналып өтуге тырысатын әйелде кемшілік болмайды. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 198 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |