Кітап үзіндісі
25/01/2021, 10:13

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Тұрмыс құру екі жас бірін-бірі көріп-біліп, сүйіскенде ғана баянды болмақ. Махаббат кеңесшіні керек етпейді, оған өктемдік жүрмейді. Барар жерді, сүйер жарды өзім таңдаймын ғой.
Темірбек Қожакеев "Қалыңдық қасіреті"

 

Қазір таңғаламын. Сонда біз сол төрт-бес жасар орыс пен қазақтың балалары қай тілде сөйлестік екен? Түк те есімде жоқ. Менің орысша білмейтінім анық. Ана орыстың балалары да қазақша біле қоймаса керек. Сонда қалай түсіністік. Ғажап. Бірақ ертеден кешке дейін бірге ойнайтынымыз зайыр есімде.
Шерхан Мұртаза “Ай мен Айша"

 

Тарих - адамзат қауымына құмырсқаның ұясы сияқты бір жерде тұрмай, өркениетпен өрілген әсем де, әдемі туындылар туғызатын мемлекеттердің мәртебесін жоғарылата отырып, халықты басқарудың жолын көрсететін ғажайып ғылым.
Григорий Петров "Финляндия - ақ лалагүлдер мекені"

 

Базбіреулер үшін бала бел қызығының құрбаны, я болмаса ерлі-зайыпты екеудің төсеки алқынысынан пайда бола салған тіршілік иесі ғана. Мұндай тасыр түсініктің төңірегінен «жауапкершілік» туралы ой іздеудің де қажеті бола қоймас.
Ықылас Ожайұлы "Қалам ұшына тұнған сыр"

 

Жалындаған жас буын өкілін ескі тəсілмен басқару мүмкін емес. Жаңа ұрпаққа ақылға қонымды, əділетті, тамырын тереңге жіберген басқарудың жаңашыл түрі қажет. Парасат–пайымы жоғары басқарушылары бар мемлекеттерде сəтсіздіктер мен құлдырауларға жол берілмей, халықты басқарудың мейлінше əділетті жолдары қарастырылған. Кейбір елдерде болса, керісінше, мемлекет тізгінін ұстаған адамдар халықты дұрыс басқаруды жəне оның сауаттылығын арттыра түсу қажет екендігін түсінбейді немесе түсінгілері келмейді.

«Мезгілі келгенде мұз да ериді» демекші, уақыты келгенде, мықты мемлекеттердің де қабырғасы сөгіліп, сызат пайда болады. Бір өкініштісі, күн өткен сайын көлемі ұлғайып бара жатқан бұл сызатқа дер кезінде көңіл бөлінбейді.
Григорий Петров "Финляндия - ақ лалагүлдер өлкесі"

 

Ізгілік пен иман, ар-ұятты ұрпағының ең ұлы қазынасы санайтын үлкен кісілердің аманатына адалдық пен қиянат күнделікті тіршілігімізден менмұндалап көрініп тұрады.
Ырысбек Дәбей "Жылқы атылған жаз"

 

Адамзат тек өзінің ойы менен түсінде ғана ажалсыз, азат өмір сүре алар. Арман ағысын да ол көкке көтеріліп, теңіз түбіне түсе алар. Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында ұшатындығымен де адам биік, адам ұлы. Ал бірақ ажалға бәрі бір-ақ тиын: сенің өмірді сүйетінің, ой-арманыңмен қандай ғарыш биікке көтеріліп, нендей даналық шегіне жеткенін, не түс көргенің — ажалға бәрібір, ол мұнымен санаспайды.
Шыңғыс Айтматов "Ақ кеме"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 183 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: