Кітап үзіндісі
24/12/2020, 11:24

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Шынында да, өз-өзіңнен бұдан бұрын ешқашан естімеген, еш жерден көрмеген әлденені сағынасың, сарыла күтесің; бәрі бар, бәрі жетеді, бірақ бір нәрсе жетпейтіндей; ол не? Өмір бақи білмейсіз; көзіңнің алды тұманданғандай буалдыр сағымға шомасыз да, мәңгі тыныш күйді аңсайсыз; бейне бір анаң алдына алып әлдилеп отырғандай, соншалық тәтті сезіммен бейуақ халді кешесіз; ешкімнің мазаламауын тілеп алыстан... тым-тым шыңыраудан талып жетер нәзік үнге жүрегіңізді тосасыз; ымырттанған қуанышты мұң қабыздап, іңір мезеттің жұмсақ шапағына шомылдырып, еркелетеді; дәл осы сәтте іштей жарылқанып, егілесіз, көзіңізден жас шығады.
Оралхан Бөкей "Аспирант қыздың тракторшы жігіті"

 

Ем мен у

Жаңғақтың дәні, бұлақтың суы, араның балы, жыланның уы – еппенен ішсең – ем болар. Тып-тыныш жүрмей, мөлшерін білмей, талғаусыз жұтсаң, бойыңа сіңбей, он екі мүшең кем болар.
Ақылбек Шаяхмет "Оймақтай ойлар"

 

- Оптимис екенсіз, тәте. Оныңыз ұнайды.

- Өмір үшін әуелі өзің күресуің керек. Көмектескісі келген адам көмектеседі, көмектеспесе қояды. Ал өзің күреспесең, сен үшін біреу босқа тыраштана ма? Өзіңе керек емес сенің өмірің басқаға неменеге керек?

- Мен де солай ойлаймын, тәте. Кейбіреуге ренжитінім де сол: бақытсыздығын айтып жылай бергеннен гөрі, өз жыртығын өзі жамамай ма?
Бексұлтан Нұржекеев "Ерлі-зайыптылар"

 

Сыртқа шықпай кеткен сыр да - көмулі қалған бір қазына ма, кім білсін...
Шерхан Мұртаза "Мылтықсыз майдан"

                                

БАҚЫТ ДЕГЕН НЕ?

Бір қызығы, сол бақытты әркім әр жерден іздеп әлекке түсіп жатады. Бірі бақытты байлықтан, бірі денсаулықтан, бірі атақдаңқтан іздесе, енді біреулері жылы ұя, адал жар, балашағадан табуды жөн көреді.
Наурызбай Тағанұлы"Үміт сәулесі"

 

Бетховен өзі жазған музыкаларды жүрегімен естіген. Көзі көргенмен керең, құлағы естігенмен соқыр қоғам дарындылардың үнін жүрегімен ести алмайды. Скрипканы шебер тарта алмау – ұят емес. Өнерге сатқындық жасау мен дарынсыздығыңды өлермендікпен бүркемелеу жиіркенішті.
Аягүл Ментаева "Балалық шағымның көктемі"

 

Менің ойымша түкке тұрғысыз жаңа жылға бола шаттану ақылға қонымсыз екендігі  былай тұрсын, адами тұрғыға лайық дүние емес. Жаңа жыл - ескі жылдан оңбаған, тек өзара айырмашылығы ескі жыл жаман болса, ал жаңасы тіпті нашар болады.. 
Өз пікірім жаңа жылды қуанып  қарсы алудың орнына қиналып, жылап, өз-өзіне қол салуға дейін бару керек. Ұмытпаған абзал жаңа жыл келгенде бір қадам өлімге жақындайсың, бастағы таз одан сайын ұлғаяды, беттегі  әжім тереңдей түседі, әйелің қартайып, балаларың көп болғанымен ақшаң аз болады деген сөз. 
Антон Чехов "Әңгімелер жинағы"

 

«Адам үшін ең қауіпті нәрсе - көзі ашық болса да, ұйқыда болу, қарап тұрып көрмеу, көріп тұрып ойланбау, жақсылық пен жамандықты бірдей қабылдау, әділетсіздік пен жамандықтың жанынан түк болмағандай өте шығу.

Балам, бұндай болудан сақтан. Бұл жер бетіндегі кез келген қауіптен, тіпті өлімнен де қорқынышты нәрсе.

Нағыз бейшара - ол сенімі жоқ адам. Егер көз алдыңда жамандық жасалып жатса, онда жүрегің үнсіз шыдап тұрмасын, жамандыққа қарсы күрес, әділдіктің салтанат құруына жігеріңді сал»
В.А. Сухомлинский «Балама хат» кітабынан

 

Осы біз бір-бірімізді қалайша ұмытып кеттік? Неге ғана өзгердік? Баяғы елжіреген жүрегіміз қайда? Бір-бірімізсіз тұра алмайтын көңіліміз қайда? Мұқа-ау, біз оларды қайда көміп кеттік? Қалай ғана жоғалтып алдық?

Тынымбай Нұрмағамбетов "Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қысОсы біз бір-бірімізді қалайша ұмытып кеттік? Неге ғана өзгердік? Баяғы елжіреген жүрегіміз қайда? Бір-бірімізсіз тұра алмайтын көңіліміз қайда? Мұқа-ау, біз оларды қайда көміп кеттік? Қалай ғана жоғалтып алдық?
Тынымбай Нұрмағамбетов "Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс»

 

Өмірінде бір шалқып қуанып көрмеген көкірегіндегі бүкіл шер-шерменінен құлан-таза айықтырып жіберетіндей бір қуантсам деген арман менің көңілімнен кетпейпейтін."Алдағы жазда"."алдағы күзде","алдағы жылмен"мінеки өмірдің санаулы сәтінің үстінде отрмыз. Өмірде не ата-анаға,не дос-жаранға көңілдегі жақсылығыңды жасай алмай, бүкіл уақыьыңды өткізіп алу қандай өкінішті.
Т. ӘБДІКҰЛЫ "Әке"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 191 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: