02/11/2020, 22:51 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
"Егер сен өзіңнің жек көретін адамыңды ажалдан арашалап алып қалсаң, — ол сенің ерлігіңнің сипаты. Егер өзіңді жек көретін адамды қорғап қалсаң, ол — жаныңның жайсаңдығының белгісі. Ал егерде бір-біріңді иттің етіндей жек көретін қас жауыңды ажалдан құтқарсаң, ол да сенің асқан абзалдығыңның белгісі" деген-ді. Асылы, Хасеннің атасы кісі өлтіруді қолдамайтын. "Күнәһарды түзететін ең үлкен жаза — оның айыбын бетіне басып айту,— деп түсіндіретін.— Қасыңа өлім ойлағаның, оны мұқатқаның емес, керісінше, тіршілікте кездесетін барлық қайғы қасіреттен, азап-мехнаттан құтқарғаның. Тек тікелей өміріңе, не халқыңның бостандығына қауіп төндірген адамды ғана өлімге қиюға болады."
Дұрыс айтасың, шырақ, тууы бір пенденің өлуі де бір екен. Өмір ауылынан кейбіреулер бұралаңы ұзақ азапты жолмен барады, ал енді біреулер қысқа да қызықты даңғыл жолмен барады. Бірақ шыққан жері де, баратын жері де біреу ғой. Ол – өмір мен өлім сапары. Қалған қарекетің – алдамшы дүние, иә-иә, бәрі де бекершілік.
Таң. Күн шуағы түн атты қараңғылықты жеңіп, өз нұрын шашу арқылы әлемді жарықтандыруға барын салуда. Күннің жылылығы әлемді ғана емес жүрегіне жылу жетіспей, жаураған жандарды да жылытқысы келгендей нұрланады.
Ақыл деген асылды Құдай адамдарға тең үлестірмеген. Өмірді де теңдей етіп бермеген. Марқұм болғандар бәрі бірдей бір тиянақты, айталық, бәрі бірдей жетпіске жетіп өлмейді ғой. Біреу ерте, біреу кеш дегендей. Тіпті дүниеге келер-келмес кетіп қалатындар бар, жүзге жетіп жығылатын бар.
— Жұрт бірінің көзіне бірі шөп салып та, бір күн қосылып бір күн ажырасып та, итшілеп өмір сүреді. Бірақ ондай өмірдің қажеті не? Ерлі-зайыпты болып өмір сүрер болсаң адал, қуанышты өмір сүр. Ал нәрестесіз өмірде қызық бола ма?
Қарызсыз өмір - бар кезде бағаланбайтын құндылық. Өмір қарызсыз болғанда оны байқамайсың, көрмейсің, сезбейсің. Бірақ өміріңе қарыз кіргенде қарызсыз кешкен күндерің нағыз игілік екенін түсінесің.
Егер өзің мелдектеп тойып отырып, аш адамға бір уыс талқан бергенің сауап емес, парыз. Ал егер өзің қиналып, жоқ-жітік бола тұра, бір уыс талқанды аш адаммен бөліссең, – бұл сауап. Сауап - жауапсыз қалмайды.
Ей, балам, жыршылар сөз қуып, бірімен-бірі жарыса бастаса, жырдың да, сөздің де құны қашады. Ақырында олар жыршыдан жырдың жауына айналады.
Өзге бірeугe әсeр eту дeгeнің – oған өзіңнің жаныңды бeрдім дeгeн сөз. Oл eнді өзіншe oйлай алмайды, өзіншe eмeс, өзгe бірeудің oтына жанады. Жақсы істeрін дe өздігінeн жасамайды, күнәға батса да, әринe, eгeр сoлай бoлса, өзінің eркінeн тыс батады. Oл өзгe бірeудің әуeніндeгі бір дыбыс, өзінe арнап жазылмаған рөлдің oйнаушысы бoлып қана қала бeрeді. Өміргe кeлгeн сoң, oның мәні – өз жoлыңды табу. Бар бoлмысыңмeн, өз eрeкшeлігіңмeн тoлыққанды өмір сүру, адам сoл үшін дүниe eсігін ашады. Ал біз, адамдар, өз-өздeрінeн қoрқатын заманға тап кeлдік.
Міне енді алыс-жұлыс, үміт-арман... бәрі-бәрі бітті, деді ол үнсіз күбірлеп. Кенет ғажайып бір ой ең ақырғы ақыл-сезімін шарпып өтті. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 261 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |