12/10/2020, 23:08 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Асылы, істеген жақсылығыңды бала тәуір біледі. Кейбір үлкенге істеген жақсылығың зая кетеді. Қолдан келсе, баланы қуанту керек. Ол қуанса — шын қуанады. Ал, ересектердің арасында «сырты жылмаң, іші арамдары» кездесетінін, құдайға шүкір, көріп жүрміз. Қолдан келсе, баланы қуанту керек. Әкем менің сондай кісі еді, жарықтық.
– Маған баяғыда бір студент: «Сіз кімнен өнеге аласыз?» – деп сұрақ қойғанда, «Мен қорқақтардан, қаңғыбастардан, маскүнемдерден, өмірде қателескен, жолы болмаған жандардан өнеге алам» – деп жауап бергем. Әлгі студент таң қалып:
Иә, тән тозады. Жан да тозады. Тек тозбайтын да азбайтын темір сүйек бір пәле - адамның жады ғой. Күндердің күнінде адамды титықтатып құртып, ішінен кеміріп жеп жататын жалғыз жебір жау болса, ол, тегі, осы жадың болар...
Адам адамның есінде мәңгі қалу үшін, үлкен ерліктің керегі жоқ шығар.Мәңгілікке татитын бір әрекет жетіп жатыр.
Әркімнің "Бәрін тастап кеткім келеді!" дейтін кезi болады. Көпшілiгi мазасын алған ойларынан арылу үшін айтса, біреулер шынында да бәрін тастап кетіп қалады. Ең өкініштісі - тастап кететін нәрсеңнiң, қашып кететін жеріңнiң жоқтығы.
Өкпе-реніштің қайдан келетіні жайлы ойландым. Не үшін біреуден көңіліміз қалады? Не үшін ренжиміз? Сөйтсем, бұның басты себебі біреуден бір нәрсе күту, үміт ету екен. Үмітің ақталмай қалса, өкпелейсің. Мысалы, жақыныңнан жылы сөз күтесің, ол күткеніңді бермесе, ренжисің. Біз өзгелерден жақсы мәміле қылуын, бізді құрметтеуін күтеміз. Олай болмай жатса, көңіліміз қалады. Ата-анамызға не үшін ренжиміз? Себебі олар бізді түсінуі керек, жақсы көруі керек деп ойлаймыз. Уағдаласқан уақытта кездесуге келмеген досымызға налимыз. Ешкімге өкпелемеу үшін не істеу керек? Иә, ешкімнен ештеңе күтпеу керек. Ешкім саған жақсы қарауға, сен күткендей қарым-қатынас жасауға міндетті емес. Ешкімнен ештеңе күтпеудің тағы бір ұтымды жері: күтпеген нәрсең орын алса, мұндай тосын сыйға ерекше қуанасың.
Адамды ұлы ететін оның адамға деген сүйіспеншілігі.
Әйелге ғашық болған ердің бірінші сөз салуы Адам атадан қалыпты. Әйел заты ер адамға қанша жерден ынтық болса да, сезімін сыртқа шығара алмай қиналатыны Хауа анадан қалыпты. Әйел адамның осы ибасы кеткен кезде қиямет орнайды екен. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 248 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |