Кітап үзіндісі
05/10/2020, 12:20

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Еркектердің шүмектеген қанын, шақырлаған тісін емес, әйелдің мөлдірей аққан көз жасы мен сел­кілдеген иығын көргенде барып: «Адамдар-ау, қам­шының сабындай кеп-келте өміріңізде бір-біріңізді ренжіте көрмесеңізші, әр минут, әр секундтарыңыз санаулы ғой, олар тұнжырап өтпесінші», – деп күбір­лейсің.
Әбіш Кекілбаве «Бір шөкім бұлт»

 

–... Бүгін ешкім маған жақсы көрем деп айтқан жоқ.
Жоқ, Фэри, айтты...
Ешкім айтпады деймін. Мен әлі күтіп жүрмін.
Түстеніп отырғанда Флоренстің сізге: "Асықпай жеңіз, Фэри" деп жатқанын естіп қалдым.
Бұл мені сүйеді деген сөз бе?
Әрине! Сізге басқалар "Қолшатыр алып ал, жаңбыр жауып тұр", "Тезірек қайтып кел" немесе "Абайлап жүр".... десе, демек, осының бәрі сізді сүйетінін білдіреді. Махаббатты жеткізудің мыңдаған әдісі бар, тек түсіне білсеңіз болғаны...
Джон Патрик "Странная миссис Сэвидж"

 

Ең әуелі өзіңізге өтірік айтпаңыз. Өзіне өтірік айтатындар және оны тыңдайтындар өзіндегі және айналасындағы шындықты ажыратудан қалады, яғни, өзін де өзгелерді де сыйлау құрметін жоғалтады.
Ф.М.Достоевский "Ағайынды Карамазовтар"

 

Дүниенің жаратылысында жазық жоқ, мүкісі жоқ. Дүниені бүлдіретінөзіміз. Ең ақылды жаратылған жанол адам. Ақылды азапқа айналдырған даадам. Жаратылыста жазық жоқ.
Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша"

 

Жігіт жақсы қызға жолығып, оны шынайы махаббатымен жаулап алуы керек. Сосын оның сыйластығына ие болуы қажет. Сосын оның сенімін ақтауы парыз. Екеуі бірге болған ұзақ жылдар бойы ажал айырғанша қол ұстасып өмір сүруі керек. Нағыз шындық осы. Өмірдегі ең басты нәрсе де сол. Ер азамат осы үшін жаратылған.
Грэгори Дэвид Робертс "Шантарам"

 

Адамның ішкі жан-дүниесі әлемдегі жақсы-жаман қазынаның бәрі ішіне сыйып кете беретін ертегіде кездесетін сиқырлы қапшық емес қой. Қанша мықты десек те, сыр сандықтың қақпағын оқтын-оқтын ашып, ішкі сырды сыртқа шығарып тұрмаса қиын екен. Мұндай «төзімді» адамдар күндердің күнінде аяқ астынан жарылып, бүлқан-талқан болғанда өзін танымай қаласыз. Құдды қопарғыш затдинамит абайсызда от тиіп жарылғандай оқыстан гүрс ете түседі. Мұндайда алдымен әлгі адамның өзі мертігіп кетуі ықтимал деп кім ойлаған десеңізші.
Немат Келімбетов "Үміт үзгім келмейді"

 

ПЛАТОН (грек философы, сүйіспеншілік Тәңірісі): «Махаббатқұдіретті де, нәзік те сезім... Махаббатқамал бұзатын құдіретті күш! Сезімдік махаббат бар... Рухани махаббат бар... Сезімдік махаббатсұлулықты қызықтайтын жан күйі... Рухани махаббатадамның рухтық қайнар бұлағы» (Платон. «Трактаттар»)
ДЖОРДАНО БРУНО: «Махаббатадамдық албырт құмарлық пен қаһармандық жігер» (Д.Бруно. «Трактаттар»).
ГЕГЕЛЬ: «Махаббаттың шын мәніадамның өз басының қамын ғана ойлаудан бас тартуда. Біреу үшінөзіңді-өзің ұмытуда... Сол арқылы өзіңді-өзің билеуде» (Гегель. «Табиғат диалектикасы»).
ФЕЙЕРБАХ: «Махаббатадамның ақыл-ойы мен табиғаттың ерекше заңы!» (Фейербах. «Заңдылық»).
ЛЕВ ТОЛСТОЙ: «Қанша бас болса, сонша ақыл болатыны сияқты, қанша жүрек болсасонша махаббат түрі бар». (Л.Толстой. «Ойлар. Көзқарастар.»)
Әбілфайыз Ыдырысов "Таңшолпан"

 

Ал бақыт деген не? - деді ол бұл бір әшейін зат дегендей қолын сілтеп. - Бақыт деген адамдардың рухани қанағаты. Адам дүниеге қанағаттанбайды, білімге қанағаттанбайды... Тағы немене... атаққа, шенге қанағаттанбайды, білімге қанағаттанбайды. Иә, оны айттым ғой... Сонда енді адам басқа бірдеңеге қанағаттануға тиісті ғой... Айталық сіз бір қасиетті іс үшін жаныңызды құрбан етуге бел байладыңыз. Сіз өліп кетесіз, бірақ көздеген мақсатыңыз орындалғаннан кейін, рухани қанағаттанасыз. Одан артықтың сізге қажеті жоқ. Сіз бақыттысыз. Түсініп отырсыз ба? Мысалы мені алайық... Мен Сәулені ұнатамын. Егер Сәуле де мені тап өзімдей ұнатса, мен үшін бұдан артықтың керегі жоқ. Қанағат. Бақыттымын.
Төлен Әбдік "Оралу"

 

Қарбалас тірліктің қамымен жүріп, жақындарымыздың қадірін білмей жатамыз. Өз проблемаларымызға басымызбен кіріп кеткеніміз соншаата-анамыздың хал-жағдайын сұрауды ұмытып кетеміз. Сыртта өзгелерге көрсеткен ілтипатымызды, сыпайылығымызды үйге келгенде жақындарымызға көрсете алмаймыз. Соңғы рет «Анашым, әкешім, мен сіздерді жақсы көремін, берген тәрбиелеріңізге мың алғысдеп қашан себепсіз айттық екен? Соңғы рет жақындарымызды қашан себепсіз құшақтап, сүйдік екен?
Данияр Жігітбек "Лайфхактар"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 208 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: