14/09/2020, 12:27 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Егер әркім қорғасыннан алтын жасай беретін болса, алтынның құны қорғасындікіне пара-пар болып кетпей ме?
Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа сыймайды.
Бейне бір күн тəрізді көзі түскен жеріне шапақ шашып, қасындағы кісілерді нұрға бөлеп жүретін жандар болады. Күн күллі əлемге сəуле шашудан жалықпайды. Жер-жиһанға тіршілік тынысын үздіксіз құйып тұрады... О баста жаны нұрдан жаралған адамдар да солай. Қолынан келген жақсылығын міндет қылмай істей береді. Қайта біреуге қол ұшын бергенінен өздері лəззат ала ма деп қалдым. Əйтеуір мұндай кісілер өздері үшін емес, өзгелер үшін өмір сүретін сияқты...
Ақыл-ойдан қара күш әлде қайда басым...
Өмір деген осы. Тәтті болсаң, тамсанып жеп қояды. Ащы болсаң, тыжырынып түкіріп тастайды...
Адалдықтың бәйгесіне атыңды қос, озсаң да - олжалысың, қалсаң да - олжалысың.
«Адам күні адаммен» деуші еді ғой қазақ. Сондай-ақ жеке басымның өмірбаяны дегенің жалғыз өзіңдікі болмайды екен. Дүниеде жақсылық көр мейлің, жамандық көр– соның бәрі өзге адаммен қатынаста болады да, сол адамдар сенің өміріңе мықтап тұрып кіріп алады. Егер соның бірін өміріңнен сызып тастағың келсе, өміріңнің соған байланысты бөлшегін қоса сызуың керек.
Тағы бір жай ойыма оралады... Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жамбастай жайғасып баппен қымыз ішіп отыр екен... Әкем дастарқан шетінде қымыз құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да құлағыма: «Сен немене, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?!» — деп сыбырлады. Мен қатты қызарақтап, үйден шыға жөнелдім. Сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім. Көпшілікке қол қусырып тұрып: «Ассялам алейкүм, аталар» деп әр сөзді қадай-қадап айттым. Бұған, әрине, бәрі күлісіп жатыр. Өткенмен мені араз етіп алмау үшін бәрі де бір ауыздан «алейкүм салам!» десті. Сонан соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтайды. Жақсы сөзге мәз болып мен әкемнің тізесін ала жайғасамын. Ол басымнан сипап отырып: «Жарайсың, балам! Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді», — дейтін.
Алдымен, махаббат жыршысы – Мағжан не дейді? Ол өрнектеген махаббат күйлері қандай?
Біз шындыққа тура қарау батылдығын жoғалтып алдық. Мүмкін, oл біздe eшқашан бoлмаған да шығар. Қoғам нe айтар eкeн дeп қoрқу, мінe, ар-ұятымыздың нeгізі. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 221 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |