07/09/2020, 11:30 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Философия қайда, мен қайда, Мұқан-ау? Дүниежүзінде әйелдерден шыққан қай философты білесің? Білмейсің. Ешкім де білмейді. Өйткені әйел философиясы — өмірге адам әкелу.
Уақыт деген падиша шықты да, бәріміз соның басыбайлы құлына айналдық.
Тіршіліктің бәрі бірдей салқын ақылға көне бермейді екен. Ақыл шегініп, сезімге орын беретін де кездер болады..
Адамның сыры алтын сандық екен-ау, сол сандықтың кілтін таба алмаймыз, таба алсақ та, ауыстырып, бірінікін екіншіге беріп қоя береміз. Сосын шатасамыз, мәңгі адасамыз. Тағдыр осы қылығымыз үшін миығынан күліп мазақтайды, талқысына салып, тәубаға келтіреді.
Бірдe бір ақылды адам айтқан eкeн: “Eң ұлы oқиғалар – адам миында бoлып жатқан oқиғалар”. Ал мeн oған eң сұмдық күнәлар да адам миында өзeгін жарады, тeк адам миында дeгeнді дe қoсар eдім. Нeсін жасырасыз, мистeр Грeй, сіздің дe басыңызды балалық шақта, бoзбалалық өмірдің қызығында да, кeйдe өзіңіз дe қoрқатын бір сeзімдeр айналдырған шығар. Oйлауға да ұялатын кeйбір дүниeлeр туралы түстeр көріп, армандаған да бoларсыз...
Соқырлар мектебінде оқып жүргенде, мұғаліміміз айтушы еді (оның да көзі шала көретін). «Айналайындар, өмірді көзі барлардан әлдеқайда артық сүйе білуіміз керек. Өйткені біздің — көрмейтіндердің жер бетінде қарманып жүруі — оларды тәубаға келтіреді; өйткені олардың санасынан минут сайын, соқыр болып қалмайын деген сақтық еш шықпауы керек».
Адам деген қызық жаратылған нәрсе-әу! Туады, өседі, өледі. Осы үш ұғымның арасында күйгелек ғұмыр кешеді. Бір нәрсеге ұмтыласың, талпынасың, өзіңнің шамаң жетпейтінін білген соң тағдырдан тілейсің, күтесің. Жоқ. Сол - жоқ, қанша күтсең сонша күт, онымен тағдырдың да, адамның да шаруасы болмайды. Сонан соң көнесің, көндігесің, үйренесің, мойынсұнасың. Жылдар өтіп жатады, демек, сенің өмірің өшіп жатады. Картаясың. Сонымен біттің.
Белі шоңқиған диванның кəрі сүйегін сықырлатып бір ай жаттым, екі ай аунадым…Ұйқы деген бір үйренсең, хордың қызының құшағындай шымырлатып өзіне тарта беретін бір сиқыр екен. Қисая кетсем, қор ете түсемін.
Жалғанда ақылдың, ойдың, сезім мен жүректің соқырлығынан сақтасын, лайым. Жұрттың бəрі "біз де ауырсақ" деп ойлайтын жалғыз дерт - данышпандық.
Арқа сүйер адамың, қалта толы қаражатың болуы керек деген ұғым қалыптасқан мына заманда терең біліміңе, адал еңбегіңе сүйеніп, талай биікті бағындыруға болатынына көздерін жеткізгім келеді... Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 237 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |