Кітап үзіндісі
25/08/2020, 12:57

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Шөл дала соншалықты үлкен әрі шексіз, сондықтан сен өзіңді құмның бір түйіршігі ретінде елестетесің.
Пауло Коэльо "Кемел"

 

Өмір ауылынан кейбіреулер бұралаңы ұзақ азапты жолмен барады, ал енді біреулері қысқа да қызықты даңғыл жолмен барады. Бірақ шыққан жері де, баратын жері де біреу ғой. Ол - өмір мен өлім сапары. Қалған қарекетің - алдамшы дүние, бекершілік. Иә-иә бәрі де бекершілік...
Оралхан Бөкей "Өз отыңды өшірме"

 

Үлкен махаббатты армандау үшін, алдымен өзің соған лайық болуың керек.
Шоқан Əлімбаев "Данышпандық субстанциясы"

 

Мұңаюқыздарға жараспайды. Сіз жаңбырдай егілгеніңізбен, мен найзағайдай қаһарыма мінгеніммен өзгерер дәнеңе жоқ. Көлік сынса да, сағымыз сынбасыншы, қарындасым.
Айгүл Жұбаныш "Жаңбыр жауса екен"

 

Созақ датқасы Бабажан тіпті қаннен-қаперсіз жатса керек, бір нөкері келіп «жау келіп қалды, тұрыңыздесе, «Созаққа Кенесарыдан бөтен жан бата алмайды. Кенесары қайда, Созақ қайдадеп жауап беріпті. Нөкері: «Келген сол Кенесарының өзі!» — десе, «Шырағым, жылағысы келген бала әкесінің сақалымен ойнайды. Ұлытауда хандығын тойлап жатқан Кенесары құс болып ұшып келмесе, қайдан келеді, ойыныңды қой!» — деп ақырыпты.
Ілияс Есенберлин "Көшпенділер"

 

Келеңсіздіктер адам басына кез-келген сәтте кезігеді. Бірақ пенде біткен әр уақытта келтелі істің түйінін тауып, шырмауын жазады. Ал жүрекке түскен дақ орнынан қозғалмайтын ауыр тастай. Ағыны қатты судың толқыны да, дүлей дауыл мен үскірік аязда ол жараны жібіте алмайды. Адам қолымен жасаған зіл батпан қайғысын өзі ғана көтеруі тиіс!
Айгүл Жұбаныш "Жаңбыр жауса екен"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 242 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: