16/08/2020, 22:21 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Біздің заманымыздағы адамдар ақылдың eтeгінeн ұстап алып, oның құлына айналған, ал өмірдeгі шын мәніндe eң қымбат eшқашан өкінбeйтін нәрсeлeр – жасаған қатeліктeрі мeн адасулары eкeнін түсінгeндe тым кeш бoлады.
Қаратауда қазақтың кіндігі қалған. Ол - "астана" деген сөз ғой. Ортақ ордаң болмаса, "астана" сөзі қайдан шыққан? Яғни астана болған. Астана болу үшін - мемлекет, халық болуы керек екені түсінікті шығар. Кейін қазақтың астанасынан алыс кетіп, үшке бөлініп бас қосуға бəріне бірдей жақынырақ жер іздеу себебі де содан. Басы қосылмау қырсығы да содан қалған. Мына біз келе жатқан Түркістан - сол астана болатын. Кейінгі дəуірдің өзінде де қазекең небір қасқа - жайсаңдарын, елге тұлға болған ірі перзенттерін осы Түркістанға əкеліп жерлеген. Қазіргі тілмен айтқанда - ол пантеон болған. Пантеон жасау - ол үлкен мəдениеттің ісі, асқан салттың жұмысы. Мемлекеті болған соң, соған сай мəдениеті болған, Отырар қаласы соны растайды. Ия, ол мемлекеттің есімі - Түркістан еді. Енді ол бір шағын қалашықтың атына көшкен. Тек сөз қалып қойған...
Қоғам атаулы тек ұлы адамдардан ғана құралмайтыны секілді, біздің өміріміз де тек рухани самғау сəттерінен тұрмайды.
Жазықсыз жапа шегіп, жаның жабырқап жүрген кезде жолыққан әйел махаббаты да сол сияқты. Мұндайда ер-азаматтың тәуекелі жетпейтін жерге қыздардың дәті барады. Өйткені, әйел — тіршілік көзі. Аспаннан мың бір пәле жауса да, тіршілік тоқтап қалуға тиіс емес. Қарлы шыңда жартасты жарып шыққан еңлік гүліндей, әйел махаббаты да гүл ашпай тұрмайды...
Адамның ашық болғаны жақсы. Сұмдық қайта тымпиып жүргендерден шығады.
Айналамдағы өмірге тым селсоқ-салқын қарайтын болғанмын.
Елге өнер, бiлiм керек. Оқу, тәрбие керек. Ендiгi заман кең жайылыс, ұзақ өрiске сенiп, қалың ұйқыны қуат бiлiп жататын заман емес. Өзге өнерлi елден оқып, үлгi алудың заманы.
Иә, бұл өмірде адамзат болмысының ой-шұқырына терең көз жіберіп, өзгенің жай-күйін шынайы түсіне алатын адамдар бар ма? Бай құлқынның құлы, ұлық өзінен төменге көз салмайтын мешеу болса, бастық тек өзінікін жөн санайды. Озбыр жұрттың қанын соруды қалайды, күші мол өзгеге әлімжеттік жасағысы келіп тұрады. Сонда да әу баста Құдайдың қолынан бәрі бірдей жаратылған адамдар тұрмыс, ақыл, күш жағынан неге тең емес? Әлде тұрмыстымен тең болу үшін өзің де тұрмысты, күштімен тең болу үшін өзің де күшті болуың керек пе? Зымиянға зымияндықпен, залымға залымдықпен, менменге менмендікпен, санасызға санасыздықпен, жалпы, айналадағы өзіңді қоршап жүрген адамдар қандай болса, сен де сондай болып, ә десе мә деп тұру керек пе?
— Аллаға шүкір, текті, құтты жерденсің балам... Ол да болса, сенің бағың, осыны есіңде сақтап жүр. Құдай етегінен берсе, үйінде береке болса, әйел онан басқа не тілемек. Мына жиған-тергенімізді біз, кемпір-шалдар, өзімізбен бірге алып кетпейміз... Қадір-парқыңды сақтасаң — бақыт деген сол, балам! — деп ескертіп қоятын.
Өмір егер ащы бермесе, тәттіні білер ме едік. Тәттіні бермесе, ащыны білер ме едік. Біріне мастанып, біріне мойымаған адам өмірде жаман жеңіп шығады. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 222 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |