Кітап үзіндісі
04/11/2026, 22:08

 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Жігіттің басы сыйлы болса, атақ-дәреже өзі келіп табады. Ер-азамат ең алдымен адамгершілік, ізгілік жолын қуса жарасады. Шамаң келсе, өз еліне зәредей болса да жақсылық жасаудың қамын ойла
Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр»

 

Ел, ел дей берме. Ел не демейді. Екі күн айтар, екі айтар. Қояды.
Перизат Мырзахмет «Қайырымсыз қала тұрғындары»

 

...Мен кішіпейіл болдым - маған қусың деп кінә тақты: тұйықтала бердім. Жұрттың жақсылығын да, жамандығын да сезіне алдым; ешкім мені бауырына баспады, тек кемсітумен болды: кекшіл болуды үйрендім. Үнемі түнеріп жүретінмін - басқа балалар көңілді әрі сөзшең болатын; мен өзімді олардан бір саты жоғары тұрам деп ойладым,- олар мені төмендетіп тастады. Осылайша іштарлықтың не екенін түсіндім. Мен бүкіл әлемді сүюге дайын едім,- мені ешкімнің түсінгісі келмеді: сөйтіп жек көруді үйрендім. Менің жастық ғұмырым өз-өзіммен күресумен өте шықты; күлкіге қалудан қорқып ең қымбат сезімдерімді жүрек түкпіріме жасырдым: олар сонда тұншығып, жоқ болды.
М.Лермонтов "Біздің заманның қаһарманы"

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: