| 22/10/2026, 22:16 | |
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі. Әлқисса...
Бір қызығы, өз өміріңнің ащы екенін басыңа іс түскен сәтте ғана мойындайсың. Былайғы уақытта, күніңнің көзін бұлт шалмаған кезде өмір жайлы ойланып не керек, онсыз да бәрі тамаша емес пе? Тек ежелгі әдетіміз бойынша, шалынып құлап жатып, қиналып жүріп, қабағымызға әлемнің бар ренішін байлап алып жүріп: «Өмір, сені сүйемін!» – дейміз іштей. Өзге адамның бәрі бекер өмір сүріп жүргендей көрініп, өзің қиналған сайын арқаланып, жаңа ерліктерге күн сайын тәуекел етеміз. Осындай сүйіспеншілікпен біздің өмір де өтіп жатыр…
Бұл жалғанда азаматқа қолынан анық келер шаруасын тіршілік игілігіне үлгертіп жұмсай алмаудан артық қорлық жоқ екен ғой.
Қандай таңдау жасағанымыз, қандай шешім қабылдағанымыз кім екенімізді көбірек көрсетеді. Бойдағы қабілеттерден гөрі осы маңызды, Хәрри. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 6 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
