Кітап үзіндісі
07/10/2026, 23:24

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Саясатпен айналысқан адам билікке жету үшін сол сәтті бағдарлап, пайдалана білуі керек. Онсыз саясатпен айналысқан адам қайраткер бола алмайды, биікке көтеріле алмайды.
Бекежан Тілегенов «Қара жел»

 

— Мылтық қайда? — деді сосын. — Найза мен кісе қайда? Жолбарыс кісі жейді, ағаш пен темірді жемейтін еді ғой... Өлә, — деді сосын. — Шақанның өзінің сырт киімдері де көрінбейді...
Мұхтар Мағауин «Шақан-Шері»

 

— ... Е, жаңа есіме түсті ғой. Осы уақытқа дейін неше ән жаздыңыз және неге жаздыңыз?
— Алты, жеті әнім бар. Алдағы күнде…
— Алдағы күнді қоя тұрыңыз. Сосын алты, жетіңіз не сіздің? Республикалық газетке шыққалы отырсыз, күллі елге насихатталудың мүмкіндігі туып тұр. Ал сіз?.. Мұныңыз тым аз ғой. Кішкене ойлансаңызшы, қоссаңызшы. Ең болмаса он алты, он жеті деңіз. Келістік пе?
— Келіскенде енді… Көпшілікке өтірік айтып, газет деген киелі…
— Ой, қойыңызшы. Өмір бойы өтірік айтпай келе жатқандай. Отырыңыз онда бес-алты деп…
— Енді…
Қанағат Әбілқайыр «Періштелер жоқ жерде»

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 5 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: