Кітап үзіндісі
23/09/2026, 22:26

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Кім көрінгенмен шатысқанша, жалғыз болғанның өзі артық.
Әсел Төлепберген «Таңбалы жол»

 

• Кітаптың құдіреті ғой. Сені ол қайда апармайды, кімдермен таныстырмайды?! Үйде отырып-ақ көз көрмеген, құлақ естімеген дүниенің нешеме түкпірлерін шарлап шығасың. Жолында жақсы да, жаман да кездеседі.
• Дүниенің жаратылысында жазық жоқ, мүкісі жоқ. Дүниені бүлдіретін – өзіміз. Ең ақылды жаратылған жан - ол адам. Ақылды азапқа айналдырған да – адам. Жаратылыста жазық жоқ.
• Жаңа жауған қар - о да перзент. Күнәдан пәк. Аппақ.
Адамдар да сондай. Жаңа туғанда бәрі періште. Өсе келе, арларынан неше түрлі шығады. Ақылды да, ақымақ та. Адал да, арам да...
Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша»

 

Кітап дүниені өзгертпейді. Бірақ, жетім көңіл жалғыздықта оны өзіне медет тұтады.
Дидар Амантай «Гүлдер мен кітаптар»

 

Егер адамның жүрегіне мұз қатып қалса, көркем кітап соны жібітуге тиіс. Егер еріте алмаса, ол осал шығарма.
Шерхан Мұртаза "Бір кем дүние"

 

Қандай жаста болсаң да, үйренуге ешқашан кеш емес.
Қайрат Жолдыбайұлы "Кемел адам"

 

Кітапты оқушы ғана сынамайды, оқушыны сынайтын да кітап болады!
Зейнолла Қабдолов «Менің Әуезовім»

 

Кітап оқу арқылы ғана біз марқұм болған ақылды адамның рухымен тілдесеміз. Олардың кітабын оқып, қуатты ойын қосып аламыз.
Санжар Керімбай «Өркениетті адам»

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 13 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: