Кітап үзіндісі
08/09/2026, 16:44

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.

Әлқисса...

 

Мүмкіндігінше күнәға аз бату адамның ұстанар заңы осы. Күнәдан мүлдем ада болу ол періштенің арманы. Жер бетіндегілердің бәрі күнәға бейім. Күнәнің пендені тартып тұратын күші болады.
Виктор Гюго «Аласталғандар»

 

Билік ауру сияқты. Биліктің шыңына шыққан адам содан құлап түскенше, сол ауруы меңдеп, жіңішкеленіп, айыға алмай үзіліп тынады. Құлаған күні сол аурудың зардабынан өледі. Билік пен өмір қашанда үзеңгілесіп, қабырғаласып қатар жүреді. Биліктің ғұмыры келте, өлшемі қысқа, соңы аянышты. Билік елдің, жердің халықтың қамын ойлайды деген өтірік. Ол тек өз күйін ғана ойлайды.
Бекежан Тілегенов «Қара жел»

 

Атом көлі – жансыз, нәрсіз көл. Қыбыр еткен жәндігі жоқ, ешкімге пана, сая бола алмайтын пайдасыз, өлі табиғат. Жағасында жайқалған көгі жоқ, өңі жоқ. Жері де, топырағы да нәрсіз, құнарсыз, шөл даладай қурап, қаңсып, қаңырап жатыр. Түн баласына қарай көл бойында бөтен дауыс гүрілдеп, күңіренгендей, күрсінгендей болады. Содан жүрексінген жолаушы бұл тұсқа беттемейді, көл басына түнемейді.
Бекежан Тілегенов «Қара жел»

 

Адамды адамға жақын ететін көңіл екен ғой. Көңілде жылу қалмаған жерде, қойныңдағы әйедің де тас кесектей суық тарта береді. Тіпті жүрек қызуы, тән ләззаты да жан жақындығына кепілдік бере алмайды. Төсек қызығын, әсіресе, әйел заты тез ұмытады.
Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр»

 

Адамның қорқатын нәрсесі – жалғыздық. Ал жалғыздың атаулының ішіндегі ең жаманы – құлазыған жан дүниеңнің жалғыздығы.
Бальзак «Үзілген үміттер»

 

Адамның бір әлсіздігі - сол: кейде өз сырыңды басқа түгіл, өзіңе ақтара алмайтын кез болады.
Қалихан Ысқақ «Қоңыр күз еді»

 

Қинайды тағдырымды табалап күз,
Қайғысыз, жан ба едіңіз қанағатсыз?..
Алыстап күннен-күнге менен, аға,
Апырмау, қайда кетіп бара жатсыз?
Исраил Сапарбай «Мен сізді сүйген едім»

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 3 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: